Жас ұрпақты оқытып, тәрбиелейтін білім беру ісінде қызмет ететіндіктен мектебімізде ұжыммен бірге Жолдауды тыңдап ғана қоймай, ондағы айтылғандарды іс жүзінде орындауға өзімізге міндет алдық. Құлан ауылындағы Юрий Гагарин атындағы негізгі мектебінде қазір 185 оқушыға 39 педагог білім мен тәрбие беруде.
Негізгі мектеп болғандықтан, 9-сыныпты тәмамдаған түлектеріміздің жартысынан көбі білімін ары қарай кәсіби оқу орнында жалғастырады. Мәселен, өткен оқу жылы 25 бала мектебімізді бітіріп шықса, соның 13-і колледждерге түрлі жұмысшы мамандықтарына оқуға түсті. Олардың басым көпшілігі бағдарламашы, электрмен қамтамасыз ету, дәнекерлеуші секілді техникалық мамандықтарды таңдады. Қалған 12 бала мектеп-гимназияларында арнайы бағытпен білім алуға аттанды.
Президент Жолдауда «Бізге білікті мамандар өте қажет. Әсіресе техникалық мамандықтарды меңгерген өз ісінің нағыз шеберлері керек. Қазіргі тілмен айтсақ, «сапасы жоғары адами ресурстар» қажет» деп, жұмысшы мамандықтарға құрмет арта түсетінін айтты. Мектебіміздің түлектері жұмысшы мамандықтарын меңгеруге қадам басқанын кемел келешекке бастаған жаңа жол деп бағамдаймыз.
«Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен мұны толығымен қолдаймын. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін», – деді Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мектебіміздің бірқатар оқушылары түрлі білім бәйгелерінде, өнер байқауларында, спорттық сайыстарда топ жарып, жеңіске жетіп жүрген талпыныстары бәріміздің ертеңге деген сенімімізді нығайтады. Ал қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген жастарымыз өз елін сүйген, Отанының өркендеуі үшін барын салатын патриоттық ниетін байқатады. Әрине, баланың бойында ізгі қасиеттер өнегелі әке мен анадан, ұлағатты ұстаздан дариды.
Біз осы жолда жаңарған заман талабына қарай еңбектенуден танбаймыз. Болашақ иелерін тәрбиелеп отырғанымызды тұтас ел алдында жүктелген жауапты міндет деп білеміз және сенім үдесінен шығуға зор жауапкершілікпен қараймыз.
Қазыбек ТҮМЕНБАЕВ
Юрий Гагарин атындағы негізгі мектептің директоры.
Т. Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




