Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Еркін Сақыбаев, Адам құқықт ары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадыралиев, сондай-ақ Сарысу аудандық мәслихатының депутаттары, ардагерлер мен алқа билер кеңесі, құқық қорғау орган өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.
Жиында Президенттің Жолдауы, «Заң мен тәртіп» қағидасы кеңінен әңгіме болып, құқықтық сауаттылықты арттырудың алғышарттары түсіндірілді. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов Жолдау жүктеген міндеттердің маңыздылығына мән беріп өтті.
– Мемлекет басшысы Жолдауда жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізуді экономиканы жаңғыртудың басты тірегі ретінде айқындады. Алдағы үш жыл ішінде еліміз жаппай цифрлық мемлекетке айналуы тиіс екенін ерекше атап өтті. Осы мақсатта, ең алдымен, Цифрлық кодексті жедел қабылдау қажеттілігіне назар аударды. Президент бұған қоса бірнеше маңызды бастама көтерді. Мемлекет басшысы айқындаған жеті басымдықтың әрқайсысы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды бағыттар. Бұл – Қазақстанның бүгініне серпін, ертеңіне берік негіз болатын міндеттер жиынтығы. Президент «Өркениетті әрі озық елдің заңы – әділ, билігі – білікті, ал азаматтары – саналы және белсенді болары хақ» деп атап өтті. «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деген ұстаным біздің жұмысымыздың басты бағдарын айқындайды, – деді Серік Жақсылықұлы.
Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде облыста құқықбұзушылық пен қылмыс азайғанын, оның ішінде қоғамдық орындардағы қылмыстар 23 пайыз, көшедегі қылмыстар 22 пайыз төмендегенін, бірақ алаяқтық деректерінің азаймай отырғанын атап өтті.
Серік Жақсылықұлының айтуынша, соңғы айларда жүргізілген жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесінде 263 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, олар әкімшілік қамауға алынып, уақытша оқшауланған.
Жиында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Еркін Сақыбаев суицид мәселесін көтеріп, биыл өңірде 158 дерек тіркелгенін, оның 18-і қайғылы жағдаймен аяқт алғанын айтса, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадыралиев жастардың құқықтық санасының жоғары болуы еліміздің құқықтық жүйесін нығайтуға септігін тигізетінін және әрбір жүйелі істің басында саналы жастар тұратынын атап өтті.
Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынды.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




