«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды кезекті рет жеке қабылдады.
Бұл жолы 12 тұрғынның тарапынан денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, жол, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты ұсыныспікірлер айтылды.
Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев халық көтерген түйткілдер қараусыз қалмайтынын айтып, мәселелерді шешімін тапқанша өз бақылауында ұстайтынын атап өтті.
Келіп түскен өтініштерді жан-жақты зерделеу бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына бірқатар тапсырма жүктелді.
Еске сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




