Бұл сынға өңіріміздің әр сала өкілдерінен құралған 5 команда қатысып, таныстыру, мақал-мәтел мәнін түсіндіру, берілген тақырып бойынша ауқымды ой қозғау, көнерген және жаңадан қолданысқа еніп жатқан сөздердің мағынасын түсіндіріп, сол төңіректе сөзге тапқырлығын таныту бойынша бақтарын сынады.
Қазылар құрамында аталған Руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкері Фарида Медерқұлова, облыстық Тілдерді оқыту орталығының латын негізді жаңа әліпбиді насихаттау және «Қазтесті» ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хафиза Ахметова отырды. Қуантарлығы, қатысқан топтардың барлығы тілге деген құрметтерінің жоғары екенін байқатты.
Әскери саланың сарбаздары, студенттер, мұғалімдер, мектеп оқушылары тіліміздің тұғырын биіктетуге бағытталған байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен аталған байқаудың жеңімпазы (бірінші жүлде) болып Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студентерінен құралған «Абай ұлағаты» командасы танылды.
Жүлделі екінші орындарға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы №5513 әскери бөлімінің сарбаздарынан құралған «Ұлттың ұланы» және Тараз қаласы №5 мектеп-гимназиясының оқушыларынан құралған «Алаш» командалары ие болды. Жүлделі үшінші орынды облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Достық» және Тараз қаласы №9 орта мектептің мұғалімдерінен құралған «Ұлағатты ұстаздар» тобы түйіндеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы диплом және Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының қолдауымен жарық көрген «Шер» кітабы табыс етілді.
Алтыншаш АСХАТОВА
облыстық Тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




