Аудан басшысы халық алдында мәселенің негізгі себептерін тарқатып, оны шешу үшін атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды егжейтегжейлі түсіндіріп берді. Қазіргі таңда аудан көлемінде төтенше жағдай жарияланып, қордағы 19 миллион теңге осы бағытқа бөлініп отыр. Оның бір бөлігі арнайы су тасығыш көліктердің шығынын жабуға жұмсалса, қалған 13 миллион теңге құбырларды ауыстыруға қажетті зерттеу жұмыстарына, яғни «Құрылысқа арналған жобалық-сметалық құжаттама» әзірлеуге бағытталмақ.
Бұл құжат дайын болған соң облыстан қаржы қарастырылып, ауылды қамтамасыз етіп отырған ескі құбырдың шіріген, тесілу қаупі бар тұстары ауыстырылады. Әкім Ермек Кәрентаевтың айтуынша, жобалық құжаттама екі апта ішінде дайындалып, оң нәтижеге қол жеткізілсе, биылғы қыста ауыл халқы алаңсыз таза ауыз суға қол жеткізеді. Сонымен бірге, аудан әкімі республикалық бюджеттен ауданның алты елді мекеніне су тарту үшін 7 миллиард теңге бөлінгенін сүйіншілеп жеткізді. Бұл тек аудан үшін ғана емес, облыс көлеміндегі үлкен қолдау.
Әкім өз сөзінде облыс атынан ұсынылған депутаттар мен сенаторлардың бұл мәселені шешуге айрықша ықпал еткенін атап өтті. Әрине, қазіргі уақытта су тасу жұмыстары техника арқылы жүзеге асырылып жатыр. Біреуге ерте, біреуге кеш жетуі мүмкін. Дегенмен «Сабыр түбі – сары алтын» демекші, әкім ауыл тұрғындарын төзімділікке шақырып, жақын күндері бұл түйткілдің түбегейлі шешілетініне сендірді.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тікелей жауап алды. Каналға су келтіру, балабақшаны жөндеу, инфрақұрылымды жақсарту және коммуналдық қызметтерге қатысты мәселелер де көтерілді. Әр ұсыныс-пікір ескерусіз қалмай, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Жалпы, мұндай ашық жүздесулер билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мәс елені бірге шешуге жол ашады. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей, аудан жұрты қиындыққа мойымай, ауызбіршіліктің арқасында еңсерері анық. Су – тіршіліктің нәрі, ең асыл қазына. Оны қадірлеу – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келер ұрпақ алдындағы да жауапкершілік.
Мойынқұмдықтар алдағы күндерге сеніммен қарап, елдің ертеңі үшін сабыр мен төзімділікті серік етуде. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» демекші, билік пен халықтың осындай ынтымақтастығы ауданның дамуы мен болашағының берік кепілі болмақ.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




