Басқосуда Кәмшат Түсіпова университеттің қазіргі жетістіктеріне тоқталып, даму жоспарларын таныстырды. Ректордың айтуынша, университет соңғы бір жылда халықаралық серіктестікті күшейтіп, білім беру сапасын арттыруға және ғылыми әлеуетті дамытуға басымдық беріп келеді. Соның нәтижесінде Венгриядағы Обуда университетімен келісім негізінде 400 студентке тегін оқуға мүмкіндік беріліп, алғашқы 45 студент осы қыркүйекте шетелге аттанбақ.
– Аталған келісім шеңберінде алғашқы студенттер легі қырқүйек айында аттанады. Аталмыш бағдарлама барлық курс студенттерін қамтиды. Білімгерлерге қойылатын жалғыз талап, олардың GPA деңгейі 3,5 балдық көрсеткіштен төмен болмауы қажет. Тегін білім алу мүмкіндігі мен жатын орын мәселесі екі оқу ордасының ортақ келісімі шеңберінде шешімін тапқан. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға мүдделіміз. Бұдан бөлек бүгінде венгриялық Корвинус университетімен бірлесіп, «Су ресурстарын басқару және су дипломатиясы» мамандығы бойынша қос дипломды магистратура бағдарламасын аштық. Бұл бағдарламаға қазірдің өзінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің және оған қарасты ұйымдардың 29 қызметкері құжат тапсырды. Сондай-ақ биыл алғаш рет «Су ресурстарын басқару» бойынша PhD докторантура бағдарламасын аштық. Оған тек министрлік пен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі су ресурстарын басқаруға және су дипломатиясына ғылыми негізделген тәсілдерді меңгеруде, – деді Кәмшат Маратқызы.
Сонымен қатар ұлттық университет бүгінде бірқатар халықаралық қатынастарды жолға қойып үлгерген. Мәселен оқу ордасының Erasmus Design Measures грантын жеңіп алу соның айқын дәлелі. Бұл жоба аясында қос дипломды бағдарламалар әзірленіп, алдағы уақытта су дипломатиясы орталығы құрылмақ.
Бұдан бөлек, Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысында ҚазҰСШИУ мен Қытайдың Солтүстік Су ресурстары және электроэнергетика университеті бірлескен зертхана құру туралы келісімге қол қойылған болатын. Бұл зертхана гидрологиялық және жерасты суларының модельдеуін дамытуға, су қауіпсіздігі мен жасанды интеллектіні қолдану бағыттарын жетілдіруге арналған. Ал университет инфрақұрылымын дамыту бағытында жуырда демеушілердің қолдауымен мелиорациялық-әдістемелік кешен құрылысы басталып, заманауи зертханалар дайындалуда. Бұл бағытта Тараз қаласы әкімдігі тарапынан алдағы екі жылда университет аумағын абаттандыруға 1,5 миллиард теңге бөлу жоспарланған.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




