2021–2025 жылдар аралығында министрлік 31 мемлекеттік органның 1 549 бизнес процесін реинжинирингтен өткізіп, үдерістерді оңтайландырды, сондай-ақ, автоматтандыру деңгейін арттырып, қағаз құжат айналымын қысқартты. Министрлік цифрлық трансформация саласындағы негізгі нәтижелермен де бөлісті.
Вице-министрдің сөзінше, ЖОО-на қабылдау енді толығымен онлайн түрге ауысты. Енді ол eGov порталы мен ЕПВО жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл қабылдау тиімділігін 92 пайызға арттырды. Сонымен қатар елімізде Еуропротокол – шағын ЖКО-ын полиция шақырмайақ рәсімдеуге арналған цифрлық сервис енгізілді. Енді қабылдау уақыты қысқарып, сақтандыру төлемі 40 күннің орнына 5 күнде жүзеге асады.
Қазіргі таңда 2025 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша 3 100- ден астам өтініш тіркелген. Жазаларды орындау өндірісінің автоматтандырылуы – 20 АЕК-ке дейінгі айыппұлдар бойынша толық автоматтандырылған жүйе енгізілді. Бұл азаматтарға жыл сайын 700 миллион теңге қаржыны үнемдеуге көмектеседі. Сол сияқты орман өртін ерте анықтаудың автоматтандырылған жүйесі – әрекет ету уақытын 3 есе, өрт аумағын 20 есе, сөндіруге кететін шығынды 15 есеге азайтты.
Вице-министр сондай-ақ, 2024 жылғы желтоқсаннан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында тұрмыстық газға ваучерлер беру бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын, ал биылғы шілде айынан бастап бұл жүйе еліміздің газ тартылған 14 өңірінің барлығына кеңейтілгенін хабарлады. ХҚКО жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылуда.
Министрлік халық өтініштерінің шамамен 79 пайызын құрайтын ең көп сұранысқа ие 10 мемлекеттік қызметті онлайн форматқа көшіріп жатыр. Олардың қатарында жеке куәлік пен жүргізуші куәлігін ауыстыру, көлік пен жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтері де бар. Бұл ХҚКО-на жүктемені екі есе азайтуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар Дмитрий Мун жаңа цифрлық шешімдер жайына тоқталып өтті:
– eGov Mobile қосымшасында құқық бұзушылықтар туралы полицияға жедел хабар беру функциясы іске қосылып, оны 11,5 мыңнан астам азамат пайдаланды. Министрлікпен мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беру үшін mGov қосымшасында eGov.AI көмекшісі іске қосылды. Екі ай ішінде 83 мыңнан астам өтінім өңделді. Қазіргі уақытта Министрлік мемлекеттік органдармен және байланыс операторларымен бірлесіп eGov, eGov Business, eOtinish және AITU қосымшалары үшін нөлдік тарификацияны енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, – деп атап өтті.
Сонымен қатар, Дмитрий Мун Smart Data Ukimet жобасының жетістіктері туралы атап өтті. Айтуынша, қазіргі таңда 45 мемлекеттік қызмет проактивті форматқа ауыстырылып, азаматтарға 4,3 миллионнан астам проактивті қызмет көрсетілген.
Нұрболат АМАНБЕК.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




