Жолдауда цифрландыру жүйесін дамыту, елге инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы олқылықтар – барлығы Президент назарынан тыс қалмады. Сондай-ақ Президент Жолдауында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау қажеттігін ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысының «Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі» деген сөзі – жас буын үшін зор мүмкіндік пен үлкен сенімнің белгісі. Бұл – тек жаңа жұмыс орындарын ашу немесе экономикалық пайда әкелу емес, бұл – жастарды дербес ойлауға, тәуекелшіл болуға, өз арманын жүзеге асыруға шақыру. Кәсіп ашуға ұмтылған әрбір жас – ел дамуының тірегі, қоғамға жаңа серпін беретін қозғаушы күш.
Бүгінде мемлекет тарапынан түрлі гранттар, жеңілдетілген несиелер, оқыту және тәлімгерлік бағдарламалар қарастырылған. Бұл қолдау – жастардың өз ісін ашып қана қоймай, оны табысты жүргізуіне жол ашады. Әсіресе ауыл-аймақтағы, шағын қалалардағы жас кәсіпкерлер үшін бұл үлкен мүмкіндік.
Бүгінгі күні Тараз қаласының өзінде көптеген жас бизнеске қадам басып, қоғамға пайдалы жобаларды іске асырып жүр. Бірі экологиялық таза өнім өндіруді қолға алса, бірі білім беру орталықтарын ашып, балалардың дамуына үлес қосуда. Осындай мысалдар жастардың әлеуеті зор екенін көрсетеді.
Береке НӘСІПБЕКҰЛЫ
Жамбыл ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




