Сондай-ақ бүгінгі күні еліміздің әр аумағынан Астанаға көш түзеген тұрғындардың қатары көбейгендігін де тілге тиек етті. Яғни, тұрғылықты жері бойынша жастарға қолдау бар, дегенмен интеллектуал жастарды қолдайтын болсақ, олардың білім мен біліктілігін аймақтардың өсуөркендеу жолына бағыттасақ тың бастамалар өмірге келері анық.
Президент алдағы үш жылда Қазақстан «Цифрлық мемлекетке» айналатындығын сөзге тиек етті. Бүгінде Жасанды интеллектінің барлық салада қарқынды көрінуі осы істерге бастама болып тұр. Бұл бағытта білімді жастардың үлесі де көп болып, тиімді жобалар ұсынатынына сенімдімін. Жастар ел болашағы – ел әлеуетін көтеретін күш! Тәртіп бар жерде өнеге де бар.
Президент қоғамдағы келеңсіз оқиғалардың көбейіп кеткенін де айтып өтті. Өзім дәрігер болған соң бұл жағдайдан хабардармын. Президент дәрігерлердің еңбегі қиын да, қызықты екенін айтып, дәрігер мәртебесін көтеруді алдыңғы орынға шығару керектігін көтерді. Соңғы кезде, дәрігерлерге шабуылдың көбеюі көңілді қынжылтады.
Бірде қабылдау бөлімінде қақтығысу болса, енді бірде үйге шақырумен келген дәрігерге жарақат салғандар жиілеп кеткен. Құқықбұзушылыққа қарсы тұру да сөз болды. Дөрекі сөйлеу, жаға жыртысу көбеюде. Солардың ішінде әйелдер де кездесетіні айтылды. Мұндай жағымсыз әдеттен арылу керек.
Яғни, Президент бастамасына қоғам үн қосу керек. Қазір Қазақстан әлемдік аренада өзге мемлекеттер қатарында дамып келе жатқан іргелі мемлекеттердің бірі. Сыртқы және ішкі саяси, экономикалық байланыста өз келбетін танытып отыр.
Президент:
«Мен жариялаған міндеттер Қазақстанның одан әрі дамуы үшін айрықша маңызды. Олар еліміздің цифрлық жаңғырту ісімен тығыз сабақтасып жатыр. Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады. Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры осы болуы тиіс», – деді.
Бұл жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның даңғыл жолын айқындай түсетіні анық.
Мұрат БЕРДАЛИЕВ
Тараз қалалық мәслихатының депутаты.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




