«Сапасы жоғары адами ресурстар қажет» деген Қасым-Жомарт Кемелұлы жан-жақты дамыған, біліміне сай тәрбиелі тұлғаның қоғамды, елді дамытуға қосар үлесі зорын айтты.
«Қазір елімізде мыңдаған жұмыс орындары бос тұр» деген сөзінен кәсіби білімі бар, қолынан іс келетін адамға барлық жерден жұмыс табылатынын айғақтады. Яғни, «Жұмыс жоқ» деп бос жүргендер өзін дамыта алмағандар, бойында бар қабілетін біліммен шыңдай алмағандар. Яғни, бұл жай ғана сылтау. Сондықтан жұмыссыз жүргендер мемлекет тарапынан тегін оқытылатын жұмысшы мамандықтарын меңгерсе, қоғамнан өз орнын табады. Президент «Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек» деп тапсырып, қарапайым еңбек адамдарын ардақтау биылғы атаулы жылмен шектеліп қалмай, жалғасатынын жеткізді. Білім тәрбиемен бірге берілуі керегін сонау ертеде-ақ әл-Фараби бабамыз өсиеттеп кетті. Бүгінгі Жолдауда Мемлекет басшысы да «Заң және тәртіп бәріне ортақ» деп, қоғамдық тәртіптің сақталуына да баса көңіл бөлді.
Білімді адам тәртіпті де назарда қатаң сақтайтыны сөзсіз. Президент өз Жолдауында бүгінгі жастар елді сүю дегенді халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, туған еліне қалтқысыз қызмет ету деп ұғынса, бағындырмайтын белес жоғын да айтты. Жаңалыққа бейім, білімге құштар жастарымыз мемлекетімізді өркениет биігіне жеткізері анық.
«Жастардың күш-жігеріне, олардың дарынына мен сенемін» деген Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін сүйетін жастарға әрдайым қолдау көрсетілетінін айтып, көптің көкейіндегі жарқын болашаққа деген үмітті күшейтті. Жігерлі жастар да білім іздеп, елдің игілігіне еңбек етудегі әрекеттерін ізгілікпен жалғастыра береді.
Айбек КАДРАЛИЕВ
облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




