«Көрік берсін», – деді ме, даласына,
«Айналсын», – деп даланың дарасына, Талшыбықты қадады бағбан қартым, Жолдың бойы – жылғаның жағасына.
Еңбек десе алмайтын дана тыным, Білді ме екен Бағының жанатын. Жүрегімен сезді ме, Сол шыбықтың Құшақ жетпес бәйтерек болатынын.
...Бәйтеректі жел тербеп аялайтын, Жер-Ана да бар нәрін аямайтын. Жолдың бойы жүргінші, Шаршағанда Көлеңкелеп бір сәтке саялайтын.
Саясында сәби де көз ілетін, Тал бойынан жылылық сезілетін. Сапардағы ағылған сан-мың тағдыр, Арқа сүйер тауындай сезінетін.
«Сойқан дауыл» тұрса да жер бетінде, Сыр алдырмай Тағдырға көнетін де. Пана іздеген адамға пана болып, Қорған болып тұратын жел өтінде.
Болмаған соң «қылығы» бас иетін, Қызғаныштан тасада тас үйетін. Небір мәңгүрт балта ұрды тамырына, Бәйтеректің көре алмай қасиетін...
Бит шыққанда басыңа балақтағы, Күншілдіктің оты да жалақтады. Пенделіктің түсірмей ошағына, Жайдың оғын жіберді «Жаратқаны».
Осылайша бәйтерек құлап тынды, Алыс-жақын бұл жайға құлақ түрді. «Жазымыштан озымыш жоқ», десек те, Ет жүректер езіліп жылап тұрды.
Асқарбек Айдаров.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді