– Бүгінде әлем энергетикалық тұрақтылық мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Қазба байлықтарына тәуелділікті төмендету және баламалы энергия көздерін дамыту – заманауи ғылым мен технология алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осы орайда біздің мақсатымыз наноқұрылымды материалдар мен инновациялық технологиялар негізінде энергияны түрлендіру және жинақтауға арналған тиімді шешімдер әзірлеу, – дейді жоба жетекшісі, PhD Сағи Оразбаев.
Аталған оқу орынының ғалымдары қолға а лған жобамен жүзеге асырылған бұл бағдарлама ғылыми жаңалықтар мен технологиялық серпілістерге сүйене отырып, қазіргі энергетикалық жүйеге сапалы өзгеріс енгізуді көздейді. Ғылыми бағдарлама аясында жаңа буындағы экологиялық таза энергетикалық жүйелер үшін сутек өндіру, суды тазарту және аз қуат тұтынатын құрылғыларды энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті, қауіпсіз әрі портативті энергия көздері жобаланған.
Ғылыми жаңалықтардың қатарында металл-ауа батареяларына арналған жоғары энтропиялы қорытпалар негізіндегі анодтарды қолдану, сондай-ақ сутек генерациясы үшін нанокремний құрылымдарын пайдалану қарастырылған. Жоба тобында С.Оразбаев, Е.Ерланұлы, Н.Аханова, Р.Немкаева, М.Мұратов, А.Өтегенов, Р.Жұмаділов сынды ғалымдар мен мамандар бар. Авторлардың айтуынша, бұл бағыттар әлі толық зерттелмегенімен, олардың қолданылуы энергетика саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бағдарламаның экологиялық және әлеуметтік экономикалық тұрғыдан да өзекті екенін айтқан жөн. Олай дейтініміз, бұл бастама энергия тиімділігін арттыруға, ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге және органикалық қалдықтарды өңдеу мен суды тазарту мәселелерін шешуге негізделген. Микробты отын элементтері тәрізді шешімдер ре сурстарды үнемдеуге және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізбек. Коммерцияландыру әлеуеті де жоғары.
Бағдарлама нәтижесінде жасалған прототиптер ғылымизерттеу және өнеркәсіп аясында кеңінен қолданылып, энергия үнемдейтін құрылғылар мен су тазарту жүйелерін өндіруге негіз бола алады. Бұл өз кезегінде отандық жоғары технологиялық шағын және орта кәсіпорындардың қалыптасуына ықпал етеді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




