«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұйғыр ұлттық орталығының көрмесі ашылды

Ұйғыр ұлттық орталығының көрмесі ашылды
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуір айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясында модельдік жол картасы аясында ұлт өкілдерінің көрмесін ұйымдастыру керектігін атап өткен болатын. Аталған тапсырмаға өңірімізде де ерекше мән беріліп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуір айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-сессиясында модельдік жол картасы аясында ұлт өкілдерінің көрмесін ұйымдастыру керектігін атап өткен болатын. Аталған тапсырмаға өңірімізде де ерекше мән беріліп отыр.

Облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Жамбыл облыстық Махмұт Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің «Ұйғыр этносының ұлттық өнері мен рухани мәдениеті» атты өнер және этнографиялық бірегей жеке коллекцияларының көрмесі өз жұмысын бастады. Салтанатты жиынды «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Сәуле Кұрманқұлова ашып, көрме жұмысына сәттілік тіледі .

Мұнан соң ат алған бірлестіктің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тұрсынмамед Қасымов пен Аналар кеңесінің төрайымы Мухабат Алеханова жылы лебіздерін білдірді. Жиын барысында этнос өкілдері ұйғыр биін, ал «Ассамблея жастары» ҚБ мүшелері тау халқының биін биледі. Көрменің кішкентай көрермені Марлен Берденғали «Бұл – менің елім!» деп ән шырқап, Абай Құнанбайұлының өлеңін жатқа оқыды. Жиынға 75 жастағы ұйғыр халқының сыйлы әжесі Жанат Мұхамедова да қатысты. «Бүгінгі көрмені көру үшін немеремді ертіп келіп отырмын. Қазақ халқының біздерге деген жанашырлығына, ұлттар достығына деген құрметіне өте риазамын», – деді ардақты әже. Көрмеге ұйғыр халқының ұлттық киімдері мен ұлттық аспаптары, ұйғыр тіліндегі кітаптар, қолөнер бұйымдары қойылды. Көрме көпшіліктің талғамынан шығатыны анық.

Жиын соңында Сәуле Досымбекқызы көрмеге және экспонаттарды жинақтауға атсалысқан белсенділерді марапаттады. Сонымен қатар іс-шараға келген қонақтар өнер және этнографиялық бірегей жеке коллекциялар қойылған көрмеге экскурсия жасады.

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар