«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаңа технологиялар жаhан назарында

Жаңа технологиялар жаhан назарында
Ашық дереккөз
Елімізде соңғы уақытта бірқатар саяси-экономикалық жаңалықтар легі толастаған жоқ. Бұл ретте мессенджерлер мен әскердегі жасанды интеллект бөлімшесінің ашылуы, су үнемдеу технологиялары жайында көп айтылды. Аталған ақпараттар әлемдік басылымдарда жазылып, еліміздің цифрлық әлеуетін арттыра түсті. Осы орайда цифрландыру бағытындағы бірқатар жұмыстарға назар аударып көрген едік.

WHATSAPP, TELEGRAM МЕССЕНДЖЕРЛЕРІ ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТПАЙДЫ

Отандық БАҚ-та кей әлеуметтік желі бұғатталуы мүмкін деген хабар тарауда. Соған орай Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ре сми позициясын білдірген. Белгілі болғандай, елде WhatsApp, Telegram мессенджерлері бұғатталмайды. Айта кетейік, мұндай жаңсақ пікір қазақстандық Aitu мессенджері қолданысқа енетіні туралы хабар тарағаннан кейін шыққан болатын.

«БАҚ - татаралып жатқан WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Цифрлық даму министрлігі жеке мақсатта шетелдік сервистерді қолдануға еш тыйым салынбайтынын хабарлайды. Aitu мессенджерін енгізу бастамасы тек орт алық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарына қызметтік коммуникация үшін ғана ұсынылады. Яғни, мемлекеттік қызметшілер тек жұмыс барысында пайдаланатын қауіпсіз ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру және қорғалған цифрлық ортаға көшу», – делінген хабарламада.

Жаңадан құрылған Aitu мессенджері қызметтік хат алмасудың, жұмыс чаттарының, жедел хабарламалардың және мемлекетітк цифрлық платформалармен байланысудың негізгі құралына айналмақ. Басты артықшылығы – барлық серверлер Қазақстан аумағында орналасады. Демек, деректерді қорғау талабына сәйкес келеді деген сөз. Оған қоса жүйе мемлекеттік органдар үшін сенімді ресурстың біріне айналады. Министрліктің айтуынша, Aitu шетелдік мессенджерлерді а лмастырмай ды әрі «кедерг і келтірмейді». Ол тек мемлекеттік сектордағы жұмыс процесі үшін қорғалған жүйе сипатында болады.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БӨЛІМШЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізуге жауапты мамандандырылған бөлімше құрылды. Қорғаныс министрлігі мәліметінше, жаңа құрылым Қарулы Күштердің цифрлық транс формациясының негізгі элементіне айналады.

Бөлімшенің негізгі міндеті – көлемді деректерді талдау, басқаруды автоматтандыру. Сонымен қатар әртүрлі сценарий бойынша модельдеу және қазіргі әскери жағдайда басқару шешімдерін жеделдету назарда болады. Бөлімше отандық және халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары, жетекші университеттер, салалық IT-компаниялармен ынтымақтаспақ. Бұл тек озық технологияны қорғаныс саласына енгізуге ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллектінің әскери қолданыс ұлттық мектебін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«ЖИ енгізу жөніндегі бөлімше құру кадрлық әлеуетті дамытуға да бағытталған: заманауи алгоритмдер мен жүйелермен жұмыс істей Елімізде соңғы уақытта бірқатар саяси-экономикалық жаңалықтар легі толастаған жоқ. Бұл ретте мессенджерлер мен әскердегі жасанды интеллект бөлімшесінің ашылуы, су үнемдеу технологиялары жайында көп айтылды. Аталған ақпараттар әлемдік басылымдарда жазылып, еліміздің цифрлық әлеуетін арттыра түсті. Осы орайда цифрландыру бағытындағы бірқатар жұмыстарға назар аударып көрген едік. Цифрлы Қазақстан жаһан назарында ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР алатын, офицер-аналитиктер мен цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау жоспарланған», – деп қосты ведомство.

580 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНГІЗІЛДІ

Мемлекет басшысының жыл сайын 150 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Су ре сурстары және ирригация министрлігі шаруаларды заманауи суару жүйелеріне көшуге ынталандыру тетіктерін әзірледі.

Министрлік фермерлерге су үнемдеу технологияларын сатып алу мен орнатуға, сондай-ақ инфрақұрылым тарту кезінде ұңғыма бұрғылауға жұмсалған шығындардың өтемақысын 50 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтты. Сонымен қатар тариф құнына қарай суару суына сараланған субсидиялар енгізілді. Су үнемдеу технологияларын қолданған жағдайда субсидия көлемі 60 пайыздан 85 пайызға дейін өседі, ал қолданбаған жағдайда – тарифке байланысты 50-75 пайыздан 30-55 пайызға дейін төмендейді. Сондай-ақ лазерлік тегістеуші сатып алуға берілетін субсидия егіс алқабы кемінде 200 гектар болатын шаруашылықтарға ғана төленеді деген талап алынып тасталды. Лазерлік тегістеу суды 30 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді және қуаңшылыққа бейім өңірлер үшін өзекті. Бұл технология еліміздегі күріш алқаптарында белсенді қолданылады. – Мемлекет басшысы су үнемдеу техналогияларына көшудің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Климаттың өзгеруі жағдайында бұл – елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет шара. Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, 2030 жылға дейін егіс алқаптарында су үнемдеу жүйелерін енгізу жоспарын әзірлеп, бекіттік. Нәтижесінде 2030 жылдың соңына дейін жылына 2,2 миллиард текше метр су үнемдеуді көздеп отырмыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Жалпы өткен жылы су үнемдеу технологиялары 158 мың гектар жерге енгізілді, оның шамамен 130 мың гектары – оңтүстік өңірлер үлесінде. Жалпы су үнемдеу технологиялары қолданылған жер көлемі 470,2 мың гектарға жеткен. Биыл жыл басынан бері бұл көрсеткіш 580 мың гектардан асқан.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елімізде орталық мемлекеттік органдардың 26 және жергілікті атқарушы органдардың 20 ішкі аудит қызметі осы цифрлық жүйеге дербес қол жеткізіп, аудиторлық іс-шараларды сапалық тұрғыдан жаңа деңгейде – ашық, жедел және нәтижеге бағытталған форматта ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болды. Цифрландырудың жол картасын іске асыру аясында ішкі мемлекеттік аудит саласында жүйелі өзгерістер жалғасып жатыр. Басты қадамдардың бірі – Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен оның аумақтық департаменттері сәтті қолданып келе жатқан электрондық аудиттің функционалын кеңейту.

Ішкі аудит қызметтерінің ведомстволық ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қолжетімділігі ескерілсе, электрондық аудит олар үшін ерекше тиімді және икемді құралға айналмақ. – Біз жай ғана жаңа технология енгізіп жатқан жоқпыз — біз ішкі мемлекеттік аудиттің бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастырып жатырмыз. Бұл – ішкі аудитті тек бақылау құралы ғана емес, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тетікке айналдыру жолындағы маңызды қадам, – деді Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Оразбай.

Айта кетейік, елімізде ғимарат, құрылыс және инженерлік коммуникацияларды цифрландыру деңгейі өскен.

ТЖ АЛДЫН АЛУ ҮШІН БІРЫҢҒАЙ РАДИО ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛАДЫ

2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі шеңберінде ведомствоаралық УҚТ радиобайланысты дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан радиобайланысының шашыраңқы транкингтік желілерін біріктіру бойынша ұйымдастырутехникалық іс-шаралар өткізілді. Бұл қызметтер арасында бірыңғай байланыс платформасын құруға негіз болды. Жаңа базалық станцияның интеграциялануының арқасында Павлодар мен Түркістан қалаларында цифрлық радио желісіне қосылған 12-ші және 13-ші өңірге айналды. Бұл елдің басқа өңірлеріне де қосылуға серпін берді.

Желіні пайдаланушылар санын ұлғайту және радиобайланыстың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін ауқымды техникалық қайта жарақтанды ру жүзеге асырылады. Осы арқылы Шымкент, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Ақмола және Түркістан облыстарының департаменттері 1141 алып жүретін радиостанция, PTT үлкен кнопкасы бар 350 гарнитура, 67 мобильді және 24 стационарлық радиостанция, 35 спутниктік телефондар, 22 ұшқышсыз ұшу аппараты, 11 алып жүретін және 27 стационарлық ретранслятор сатып алады.

– Радиобайланысты ауқымды цифрландыру еліміздің түкпіртүкпіріндегі радио станциялар арасында бірыңғай, ауқымды байланыс платформасын құруға мүмкіндік беретін технологиялық серпіліс болады. Бұл байланыстың сапасы мен сенімділігін арттырып қана қоймай, төтенше жағдайлар кезінде үйлестіруді айтарлықтай жеделдетеді. Сандық радиобайланыс – бұл тек технологиялық жетістік емес, әсіресе хаос, тәуекел және болжау мүмкін емес жағдайларда қазіргі заманғы құтқару жүйесінің негізі. Оның енгізілуі мен дамуы азаматтық қорғауды жаңғыртуда шешуші рөл атқарады және еліміздің кез келген уақыттағы сын-тегеуріндерге ден қоюға дайындығын нығайтады, – деп атап өтті министрлік.

EGOV MOBILE МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ЖАҢАРТУДАН ӨТТІ

eGov Mobile мобильді қосымшасы соңғы жылдардағы ең ауқымды жаңартудан өтті: интерфейсі қайта жасалды, навигациясы жетілдірілді, интеллектуалды іздеу мен цифрлық құжаттарға жедел қол жеткізу мүмкіндігі қосылды. Жаңарту өсіп келе жатқан сұранысқа жауап ретінде іске асырылды – бес жыл ішінде eGov Mobile қолданушыларының саны алты есеге өсіп, 11 миллионнан асты.

Басты жаңалықтардың бірі – интеллектуалды іздеу. Енді сұранысты енгізген сәтте барлық сәйкес нәтижелер көрсетіледі: қызметтер мен өмірлік жағдайлар. Іздеу жолағының жанында жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін eGov AI виртуалды көмекшісі пайда болды. eGov AI қосымшаға кіріктірілген және пайдаланушыларға мемлекеттік қызметтер жөнінде қажетті ақпаратты жылдам табуға көмектеседі. Ол чат форматында жұмыс істейді – сұрақ қойсаңыз, көмекші қарапайым тілмен не істеу керегін түсіндіреді, қажет болса бірден тиісті бөлімге немесе қызметке бағыттайды. Мұндай тәсіл уақытты үнемдеп, навигацияны жеңілдетеді. Іздеу жолағы жанындағы eGov AI белгішесін басу жеткілікті – сол сәтте чат ашылып, бірнеше секунд ішінде жауап алуға болады.

Жаңарту барысында ақпараттық қауіпсіздікке ерекше мән берілді. Жеке деректерді қорғау деңгейі арттырылды, жүйенің сыртқы қауіптерге төзімділігін жоғарылатуға бағытталған техникалық жетілдірулер енгізілді. Басты бетте енді ең танымал сервистердің белгішелері көрсетіледі – оның ішінде мемлекеттік қызметтерге жедел қол жеткізу мүмкіндігі де бар.

Көзге бірден түсетін жерге орналастырылған eGovлоготипі қызметтер каталогына тікелей өтеді. Мұнда барлық қызметтер тақырыптар бойынша реттеліп берілген. Навигация электрондық үкімет және Е-лицензиялау порталы бағыттары бойынша бөлінген. Төменгі бөлікте жаңа мүмкіндіктер жөніндегі қысқаша ақпараттық баннерлер, сондай-ақ ТОП-қызметтер, танымал және ұсынылған қызметтер тізімі орналасқан. Қолданушылар үшін барлық цифрлық сервистер тізімі енді қосымшаның төменгі мәзіріндегі «Сервистер» белгішесі арқылы қолжетімді. Басты беттегі танымал сервистерден бөлек, мұнда барлық қолжетімді құралдар бөлімдер бойынша топтастырылған. Интерфейсі де ыңғайлырақ бола түсті. Әр сервис қасында түйреуіш бейнесіндегі белгіше бар – оны басқанда қызмет автоматты түрде танымалдар тізіміне қосылады. Сондай-ақ негізгі функцияларды қысқаша сипаттайтын баннерлер орналастырылған, бұл қосымша мүмкіндіктерді тезірек игеруге көмектеседі.

«Цифрлық құжаттар» бөлімі айтарлықтай жаңартылды. Жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік және өзге де маңызды құжаттар енді басты бетте бірден көрсетіледі – жеке бөлімге кірудің қажеті жоқ. Бұл қажетті құжатты немесе оның түпнұсқалығын тексеруге арналған QR-кодты лезде көрсетуге мүмкіндік береді.

Пайдаланушыларға қолайлы болуы үшін өмірлік жағдайлар бойынша жеке каталог енгізілді. Мұнда, мысалы, емханаға тіркелу, құжаттарды қалпына келтіру немесе жүргізуші куәлігін алу тәртібі бойынша кезең-кезеңімен нұсқаулық берілген. Қажетті жағдай таңдалған кезде құрылымдалған ақпарат ашылады: қандай әрекеттерді орындау керек, қайда жүгіну қажет, қай қызметті пайдалану керек және осы жағдайда қандай нормативтік құжаттар қолданылады. Әр өмірлік жағдай интерактивті сауалнама арқылы толықтырылады. Оның нәтижесі бойынша пайдаланушыға жеке сценарий ұсынылады. Егер ұсынылған шешім сәйкес келмесе, сауалнаманы қайта өтіп, балама нұсқаны алуға болады.

Енді экранда қызметтің мақсаты туралы түсініктеме көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда түнгі уақытта қолдануға ыңғайлы болу үшін экран автоматты түрде жарықтанады. Қызмет мәртебелері, сауалнама нәтижелері және маңызды жаңартулар туралы хабарламалар енді тақырыптар бойынша топтастырылған, бұл қажетті ақпаратты іздеуді жеңілдетеді. Профильде енді жеке мәліметтер, отбасы, денсаулық, еңбек қызметі, айыппұлдар, мүлік және басқа да салаларға қатысты ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ берілген келісімдер тарихы қолжетімді, ал қажетті бөлімге өту айқын және логикалық навигация арқылы жүзеге асады.

eGov Mobile-дың ауқымды жаңартуы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесі болды.

Айта кетейік, eGov порталында мемқызметтер бойынша қоңырау шалуға арналған қосымша нөмір іске қосылады.

Нұрболат АМАНБЕК

Ұқсас жаңалықтар