«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мектебіме оралуға асығып жүрмін

Мектебіме оралуға асығып жүрмін
tiodisnica1989.xpg.uol.com.br
Жазғы демалыстан мектебімізге оралар уақыт жақын қалды. Білім күні – біздер үшін ғана емес, барша әлем үшін айтулы күндердің бірі. Әр бала үшін білім күні болашаққа бастар жол, үлкен өмірге қадам бастырар бастама, қиыры мен шеті жоқ теңіз үстіндегі кеме тәріздес. Кез келген елдің діңгегі де, тұғыры да білім болғандықтан жас жеткіншектер білім ордаларына асығуда. Білімсіз қабырғасы түзу, терезесі тең мемлекет құру мүмкін емес. Жазғы демалыстан мектебімізге оралар уақыт жақын қалды. Білім күні – біздер үшін ғана емес, барша әлем үшін айтулы күндердің бірі. Әр бала үшін білім күні болашаққа бастар жол, үлкен өмірге қадам бастырар бастама, қиыры мен шеті жоқ теңіз үстіндегі кеме тәріздес. Кез келген елдің діңгегі де, тұғыры да білім болғандықтан жас жеткіншектер білім ордаларына асығуда.Білімсіз қабырғасы түзу, терезесі тең мемлекет құру мүмкін емес.

Білім – болашақтың тұтқасын ұстар жастарға алғашқы төлқұжаты тәріздес. Оқу, білімсіз ешқандай жетістіктерге жету мүмкін емес. Ата бабаларымыз салып кеткен дара жолдан таймай, білімге, ғылымға деген құштарлығымызды ашып, білімнің нәрімен сусындап, алға қойған мақсаттарымызға жетуге талпыныс жасаудамыз.

Білімді адамзат мәдениетінің шыңы десек те болады. Ол сана мен танымның, ақиқат пен парасаттың күрделі ұғымы. 1 қыркүйекті әр бала үшін маңызды күн деп білемін. Біз кешегі білімімен биіктерді бағындырған аға буынның ізін жалғап, елдің үмітін ақтап, халықтың игілігіне жарар тұлға болып өсеміз. Қазақтан шыққан ұлы тұлғалар – Абай Құнанбаев, Сәбит Дөнентаев, Халел Есенбаев, Мұхамет Ақтанов және тағы да басқа ғұламалардан бізге жеткен құнды мұраны бүгінгі заман талабына лайықты дамытып, оның игілігін еліміздің дамуына пайдалануға міндеттіміз.

Қазақ даласында алғаш мектеп ашып, әрбір қазақ баласының білімді де алғыр болуын армандаған Ыбырай Алтынсариннің аманатына адал болуға тиістіміз. Ыбырай әдебиетінің негізгі саласы балаларға арналған шығармашылықтар болды. Негізгі шығармашылықтары бала тәрбиесіне, оны жетілдіруге арналды. Қазіргі заманауи тілмен айтқанда, бала психологиясын жетілдіруде мотивация боларлықтай насихаттайды. Ыбырай көркем әдебиет тілінің тазалығы үшін күресті. Осындай үлкен еңбектердің арқасында қазіргі жас ұрпақ білім мен ғылымға деген қызығушылығы оянып, алға қадам басуда. Ұстаздар да әр баланы білімнің шыңына же т к і зу ү ш і н е ң бе кт е н уд е . Мұғалімдеріміз білім беріп ғана қоймай, шәкірттерінің талаптарын шыңдап, оқуға қызықтырып жүр.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ХХІ ғасырды ақпарт пен білім, ғылымның, технологияның дәуірі деді. Мемлекет басшысы ұстаздардың мәртебесін көтеріп, білімнің дамуына үлкен үлес қосатын талантты да парасатты ұрпақ тәрбиелейтін ұстаз қауымына зор сенім білдіруде.

Бірер күндерден соң атаанамыздай болған ұстаздарымыздың алдына сағынышпен барамыз. Барлық оқушы жаңа оқу жылына ыждағаттылықпен дайындалып, өздерінің білімдерін шыңдауға мектепке келеді. Мен де сүйікті мектебім Тараз қаласындағы №53 Қаратай Тұрысов атындағы мектеп-гимназиясына барамын. Өз сыныптастарымды, ұстаздарымды жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Сөзімнің соңын сүйіп оқитын ақындарымның бірі Абай атамның бір шумақ өлеңімен аяқтамақпын.

Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!

Нұрай ЕСМАМБЕТОВА,

№ 53 Қ.Тұрысов атындағы

мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы.

Ұқсас жаңалықтар