«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жайсан жазығынан балбал тас табылды

Жайсан жазығынан балбал тас табылды
Ашық дереккөз
Жайсан жазығында тарихи-мәдени мұра нысандарына мониторинг және археологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Тарихимәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы мамандары 2025 жылғы 21-22 тамыз күндері тарихи-мәдени мұра объектілерінің жай-күйі мен сақталу деңгейін анықтау мақсатында іссапар өткізді.

Мониторинг ҚР 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихимәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі №92 бұйрығының 6-тарау, 36-бабына сәйкес жүргізілді. Іс-шара барысында Шу ауданында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген түркі дәуіріне жататын «Жайсан ғұрыптықмемориалдық кешені» аумағындағы 30 нысаннан тұратын кешенді археологиялық ансамбльдің 9 нысанына мониторинг жасалды.

Сонымен қатар «Zhanashyr Project» ЖШС-нің тапсырысымен Шу ауданы Жайсан жазығында тау-кен өндіру зауытын салуға жоспарланған аумақта «Инженерлік археология» ЖШС тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау және сақтау мақсатында археологиялық барлау жүргізді.

Зерттеу барысында түркі дәуіріне тән обалы қорымдар мен ғұрыптық кешендер анықталды. Ғылыми қазбалар кезінде қыш ыдыс сынықт ары, ма л мен адамның сүйектері және бір обада жерленген түркі дәуірінің балбал тасы табылды. Балбал тастар қазақ даласының тарихи-мәдени мұрасының бірегей элементі. Әсіресе Шу мен Жайсан өңіріндегі археологиялық зерттеулер бұл мұраны терең түсініп, қайтарымды сақтауға зор үлес қосып отыр. Олар еліміздің бай тарихы мен рухани тамырларын білдіретін маңызды ескерткіштер саналады. Бұл ерекше тарихи жәдігер (өлшемі: биіктігі – 1,55 метр. Ені – 52 сантиметр. Қалыңдығы – 25 сантиметр) «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚКның Шу аудандық тарихи-өлкетану музейіне табысталды. Аталған іс-шара «Тарихимәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ мамандарының, археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Бауыржан Байтанаевтың қатысуымен жүзеге асырылды. Археологиялық жұмыстар аяқталғаннан кейін «Инженерлік археология» ЖШС жүргізілген тарихи-мәдени сараптамаға қатысты қысқаша есеп ұсынатын болады. 2025 жылғы іссапар нәтижесінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйі жақсы сақталғаны анықталды.

– Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын, сондайақ оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 86 бұйрығы негізінде 9 тарихи-мәдени ескерткіштің қорғау аймағын белгілеу қажет. 9 нысанның барлығы қорғау тақтайшасын орнатуды қажет етеді.

Бақытжан УСТАЕВ,

облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тарихимәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-нің бөлім меңгерушісі.

Ұқсас жаңалықтар