Тайваньдық ғалым әйел профессор Джеки Йингнано технология саласына негізделген Сингапур институтының негізін қалаушылардың бірі. Ол биоинженерия және нанотехнология саласы бойынша ең мәшһүр ғалым. Нанотехнологияның дамуына өз үлесін қосқанын әлем ғалымдары тегіс мойындаған. Сол атағы жер жарған Джеки Йинг дін саласына да зерттеулер жүргізіп жүріп, кенеттен Құран Кәрімдегі бір аяттан қатты әсер алып қалады. «Шамамен 10-11 жасымда өмірдің ақиқаты жайлы көп ойлана беретінмін. «Бұл өмірге не үшін келдік? Нендей мақсатпен келдік? Көздегеніміз не?» деген сияқты сауалдарды тынбастан, іштей өз өзіме қоя беретін едім. Көп кітаптар оқи беретінмін, ақыр соңында Ислам дінін үйрене бастадым», – дейді ол.
Джеки Йинг 1966 жылы Тайваньда христиан отбасында дүниеге келеді. Алғашқы білімді Сингапурде алған. 15 жасында ата-анасымен бірге Нью-Йоркке көшіп, қалған білімін сонда жалғастырады. Нью-Йорктегі Купертино университетінің инженерлік саласы бойынша бакалавр дәрежесін алып, кейін Нью-Джерсидегі Принстон университетінде магистратураны тәмамдайды. Осы оқу орнының химиялық-инженерлік пәнінің phd докторантурасын қорғап, бітіріп шығады. Одан кейін АҚШ-тың ең терең білім ордасы аталған Массачусетс технология институтында дәріс бере бастайды. Дінге деген мақсат оянады. Күндердің бір күнінде ол Құран Кәрімдегі төмендегі мына бір аятқа көзі түседі: «...әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме?» (Әнбия сүресі, 30-аят). Осы аят оның ішкі жан дүниесін қатты тебірентеді. Мұндай анық ақиқат сонау VII ғасырдан бері айтылып келе жатқанына таңғалып, одан да ары терең білгісі келіп, Исламды терең үйренуге кірісіп кетеді. Заманауи зерттеулер кейбір организмдердің, яғни адамның денесінің 90 пайызын, үлкен денелердің 60 пайызын су құрайтынын растайды. 1945 жылы зерттеуші Мишель адам бойындағы, соның ішінде айтар болсақ, ми мен жүректің 73, өкпенің 83, терінің 64, бүйректердің 79, сүйектердің 31 пайызы судан тұратынын анықтаған. Бұл мәліметтер тіршілік иелері үшін судың өте маңызды рөлге ие екендігін растауда. Нәтижесінде профессор Джеки Йинг жоғарыдағы айтылған ақиқаттар мен мағлұматтардың барлығы Құранда баяндалғанына көзі жетіп, өз ойын қорытындылай келе 35 жасында Ислам дінін қабылдайды. «Егер
Айналамыздағы мұхиттар мен өзендер, жанжануарлар мен өсімдіктер болмаса да, тым болмаса өзіміздің тұла бойымыздағы осыншама құндылықтардың (ағзаларымыздың) қалай жаратылғанына бір сәт зер салып, ой жүгіртетін (тәфәккур) болсақ көптеген мұғжизаларды көруіміз мүмкін. Олардың ешбірі өз-өздерінен пайда болған жоқ», – дейді профессор ғалым Джеки Йинг.
Қорытынды ретінде айтарымыз, бір ғана аяттың ақиқатынан адам с енімін дұрыстап, Хақты танып жатыр. Яғни, иманға келді. Бұл ғалым әйелдің келтірген имани сенімін дінімізде «Тахқиқи иман» дейді. Тахқиқи иман дегеніміз – дәлелдер арқылы Алланың бар және бір екендігіне иман келтіру. Ол Алланың жер бетіне жіберген діні ислам дінін барлық жағынан шынайы деп қабылдай отырып иман етуді айтады. Ал біздер ше? Шүкір, түп арғы бабаларымыздан бастап мұсылман болып саналатын имандылардың ұрпақтарымыз, ендеше сол асыл-жауһар имани сенімдерімізді одан да ары нығайтып, пендешілігімізді орына қойып Алланың алдында әркез шынайы тәубе етуіміз керек. Алла баршамызды ойы азат, жаны таза иманды құлдарының қатарынан етсін! Алла баршамыздың жүрек көздерімізді ашсын!
Үмбет САБЫРХАНОВ,
«Әл-Хақ» мешітінің имамы. Т.Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




