Аталған филиалдың да көздегені – көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардан шыққан балаларды қолдау, мектеп партасына асыққан бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау. Іс-шараны ашқан Аmanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов осы жағына кеңінен тоқталды. «Енді аз күннен соң жаңа оқу жылы басталады. Бұл – әр баланың білім жолына жасайтын жаңа қадамы. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясындағы бұл бастама – тек бір реттік акция емес, баланың білім алуына, толыққанды дамуына жағдай жасауға бағытталған жүйелі жұмыс. Біз үшін әр баланың арманына жол ашу – басты міндет.
Сонымен қатар алдағы уақытта бұл игі бастама одан әрі жалғасып, шалғай елді мекендердегі және көмекті аса қажет ететін отбасылар назардан тыс қалмайды. Партиямыз әр баланың сапалы білім алуына, заманауи мектеп формасымен және қажетті оқу құралдарымен қамтылуына барынша жағдай жасауға күш салады.
Біз әлеуметтік аз қамтылған бірнеше баланы қолдауды жөн санадық. Балалардың бақытты, білімді болуына тілектеспін», – деді ол.
Акция аясында 41 ба лаға мектепке қажетті сөмкелер мен кеңсе тауарлары, оқу құралдары табысталды. Осы тұста бұл іс-шараға облыстағы бастауыш партия ұйымдары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен еріктілер жұмылдырылып, демеушілік танытқанын айта кеткеніміз жөн. Бұл – қоғамның ең осал топтарындағы балалардың білім алуына жағдай жасап, олардың әлеуметтік теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдардың бірі. Аталған партияның облыстық филиа лы биылғы оқу жылы қарсаңында жалпы 3390 баланы мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Бүгінге дейін өңірдегі бастауыш партия ұйымдары, депутаттар мен демеушілердің қолдауымен 500-ге жуық бала мектепке дайындықпен барады.
«Мен жас ата-ананың бірімін. «Күміс алқаның» иесімін. Филиалдың бүгінгі қолдауы біз сияқты отбасыларға едәуір көмек. Әйтпесе, 4 баланы сабаққа дайындауға көп қаражат кетеді. Түсініп, қолдап жатқан демеушілерге, филиалға рақмет», – дейді қала тұрғыны Ақжарқын Несіпбаева.
Партия тарапынан бұл бағыттағы қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасады. Балалардың білім алуына жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан Amanat партиясы әрбір баланың мектепке баруын мерекеге айналдыруды көздейді. Ендеше, іске сәт!
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




