Досбол ауылындағы мектептің апатты жағдайда екендігін айтудай-ақ айтып келеміз. Елбасының тапсырмасына байланысты мектеп жөндеу көрер не жаңасы соғылар деген үмітіміз жоқ та емес. Бар мектебіміздің сиқы сондай әрі бір мезгіл жаттығатын спорт залы жоқ, шеберхана туралы әңгіме айтудың өзі артық. Бәрінен бұрын, ауылда тұрған соң мал ұстаймыз. Бірақ, әнебір жылдары жекешелендіру кезінде жер шаруа қожалықтарына үлестіріліп, мектепте істейтіндер одан құр алақан қалдық. Шынын айту керек, ауылдың іргесінен бастап мал шығарсаң жер жекенікі болып шығады. Білуімізше, жердің денін Тоғызкент ауылындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі иеленіп алған. Тіпті, шөп оруға рұқсат бермейді. ҚР «Білім туралы» Заңында мектеп қызметкерлеріне мемлекеттік жер қорынан жер беру керек деп тайға таңба басқандай жазылған. Ал жер алайын десек, ондай мүмкіндік қалмаған сияқты. Азын-аулақ малымызды қысы-жазы өріске шығарып, жемшөбін дайындау үшін мектеп мұғалімдеріне жер беруді, орман шаруашылығы қорынан ба, жоқ әлде ЖШС-ның жерінен бе, әйтеуір, осы мәселе билік тарапынан оң шешілсе, жөн болар еді деп ойлаймын.
Ерік Маханбетов, Досбол орта мектебінің мұғалімі.
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




