Шу – 105 мың тұрғыны бар, жылдан жылға көкжиегін кеңге жайып келе жатқан аудан. Бұл жолы да БАҚ өкілдері игі істердің талайына куә болды. Баспасөз туры «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағындағы гербицид өндірісімен айналысатын «Хим – плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысудан басталды. Жобаның құны – 26,3 миллиард теңге, жылына 2 мың тонна гербицид өндіруге қауқарлы. Мұнда қазіргі таңда 48 адам еңбек етуде. Кәсіпорын директоры Олжас Оразғазинов алдағы жоспарлары ауқымды екенін айтты. Мұнан соң журналистер «Chemical Engineering» ЖШС аммоний бифториді өндірісінің жұмысымен танысты. Серіктестік директоры Санжар Жылысбаевтың айтуынша, жоба құны 226 миллион теңгені құрап, жылына 200 мың тонна өнім өндірілуде. Жұмысшылар саны – 200 адам. БАҚ өкілдері С9 Technologies ЖШС этикет-ленталарға (термоэтикеткаларға) және чек лентасына арналған шыны бөтелкелер өндіретін кәсіпорын жұмысына да назар аударды. Нұрсұлтан Баймолдаев басқаратын кәсіпорынның жоба құны 59,4 миллиард теңгені құрайды. 23 адам тұрақты еңбек етіп, жылына 100 мың тонна өнім өндіруде. Журналистер «Kazakhstan Hydrogen Peroxide» ЖШС сутегі асқын тотығын өндіру зауытының құрылыс жұмыстарымен де танысты.
Кәсіпорын директоры Серікжан Мамбеталиев жұмыс барысын баяндап берді. Мұнда жылына 5 мың тонна өнім өндіріліп, 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ал «Эко Бәйшешек» ЖШСнің басшысы Құрбанбай Сейітов өз жұмыстары туралы баяндады. Жоба құны 3,3 миллиард теңгені құраса, 40 адам тұрақты жұмыс көзімен қамтылып отыр. Журналистер өзге де ауқымды өндіріс орындарында болып, сапалы жұмысқа куә болды. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков бірге жүрді. Жиын соңында БАҚ өкілдеріне аудан басшысы сұхбат берді.
«105 мың тұрғыны бар Шу ауданының даму көрсеткіші қарқынды. Біз ә р с а л а бойынша жоспар жасап, нақты қадағалап, даму деңгейін бақылап отырмыз. Бізге сіздер жұмысын аралап көрген кәсіпорындардың дамуы өте маңызды. Келешекте бұл кәсіпорындар Шу ауданының экономикалық дамуына үлкен үлесін қосады деген сеніміміз бар», – дейді аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




