Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толды, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына – 115 жыл. «Достық» үйінде өткен клуб жұмысының алғашқы отырысы қос мерейтойға және «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбына арналды.
Іс-шарада тіл жанашыры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің профессоры Меңдібай Әбілұлы мазмұнды баяндама жасап, тізді шұбарлау ұлтқа төнген қауіп екеніне тоқталды. Келесі кезекте облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Аналар кеңесінің төрайымы Ардақ Жантаева нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресуге бағытталған «Салауатты сана» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Сонымен қатар облыстық қарашай-балқарлар этномәдени бірлестігінің белсенді өкілі Исмайл Хаджимуратов және «Ерекше тәуекелді солдаттар» қоғамдық бірлестігі саяси бөлімінің бастығы Сейтхан Қуантаев сөз алып, мемлекеттік тіл қазақстандық патриотизмнің негізін қалайтынын жеткізіп, орамды ойларын ортаға салды.
Жиын соңында «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының психологі Аида Назымбекова клуб қатысушыларына «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында инфосабақ өткізді.
Толғанай АТАБАЙ,
«Қоғамдық келісім» мекемесінің
жетекші сарапшысы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




