«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Буйвол мүйізінен жасалған шахмат

Буйвол мүйізінен жасалған шахмат
ашық дереккөз
Буйвол мүйізінен жасалған шахмат

Шахмат Арменияда бағзы заманнан белгілі және онымен әуестенушілер де көп болған. Арменияның тарихи музейіндегі сирек кездесетін мүйіз фигуралар – осының айғағы. Ежелгі үнді ойынының фигураларын буйвол мүйізінен 1880 жылы атақты шебер Даниэл Сукасян жасаған. Музей қызметкерлері бұл фигураларды шебердің немересі, Апаран ауданы, Мелик селосында тұратын қарт Геворк Товмасяннан алды. 1938 жылы белгілі ғалым Иосиф Орбели қазір Эрмитажда сақтаулы тұрған мүйіз фигураларды осы Апаран ауданынан тауып алған болатын. Апаран ауданы тұрғындарынан табылған байырғы шахмат фигуралары – бұл ойынның ежелгі Армения тұрғындары арасында кең тарағанын айқындай түседі.

* * * А.С.Пушкин кітапханасында атақты француз шахматшысы А.Филидор мен Ресейдің бірінші шебері А.Петровтың кітаптары (ақынға арнайы сыйға тартылған) сақталған. И.С.Тургенев өз сөзімен айтқанда, шахматқа бала жасынан құмар екен. Ол Петербургтегі шахмат клубының мүшесі болыпты, ал Парижде тіпті шахмат турнирлеріне қатысқан. Пілмен жақсы ойнағаны үшін француз шахматшылары оны «піл рыцарі» деп атайды екен. Л.Н.Толстой да демалыс сағаттарының көбін шахматқа арнаған. Жазушының «Шахмат­сыз және кітапсыз өмірді түсінбеймін» деген сөзі «Соғыс және бейбітшілік» романын жазу үстінде айтылған көрінеді. Сондай-ақ композиторлар: А.К.Лядов, С.И.Танаев, Н.Римский-Корсаков, С.С.Прокофьевтер де шахмат ойынына аса мән берген. «Шахмат, – деп жазады Прокофьев, – мен үшін бір ғажайып дүние, ол күрес пен талас, шытырман жоспар дүниесі». Ал орыс суретшілерінің ара­сында шахмат ойынына И.Е.Репин, М.А.Врубель, А.И.Куинджилер ерекше көңіл қойған. Л.Н.Толстойдың шахмат ойнап отырған екі портретін Репин салған.

Дайындаған Әділбек Жүніс.

Ұқсас жаңалықтар