«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жүкті әйелдерге кеңес беретін орталық ашылды

Жүкті әйелдерге кеңес беретін орталық ашылды
www.istockphoto.com
Жаратқанның әйел затына берген ерекше бақыты – дүниеге ұрпақ әкелу. Өмірге дені сау бала әкелу үшін анасына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Оның әрбір іс-әрекеті, ішкен ас-суы, тіпті көңіл-күйі де құрсақтағы шарананың болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан, дәрігерлер құрсақ көтерген әйелдерге бірден дәрігердің есебіне тұрып, маманнан кеңес алып, жиі қаралып тұруды ескертеді. Кейде қым-қуыт тірліктің ізінде жүріп, уақытында дәрігерге қарала алмайтын келіншектер де бар. Осы жағдайды ескере келе тараздық ақ халаттылар жүкті әйелдерге кеңес беретін орталық ашты.

Тараз қаласындағы «Almaz Medical Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің емханасында жаңадан ашылған бөлімше заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Мұнда жоғары білікті мамандар қызмет көрсетеді.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек қатысып, жаңа орталықтың маңыздылығын атап айтты.

– Бұл орталықтың ашылуы – әйелдердің денсаулығына деген қамқорлықтың нақты көрінісі. Болашақ аналарға көрсетілетін м е д и ц и н а л ы қ к ө м е к т і ң с а п а с ы м е н қолжетімділігін арттыру арқылы біз ұлт саулығының негізін қалыптастырамыз. Мұнда әйелдерге өмірінің барлық кезеңдерінде, соның ішінде жүктілікке дайындық, жүктілік барысы және босанғаннан кейінгі кезеңде сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетіледі. Бұл әйелдер консультациясы алғашқы медициналықсанитариялық көмекті жаңғырту бағдарламасы аясында ашылды. Негізгі мақсат – әйелдерге, әсіресе болашақ аналарға, қауіпсіз, ыңғайлы және уақытылы медициналық көмек көрсету. Еліміздің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, бағдарлама аясында әйелдерге көрсетілетін амбулаториялықемханалық деңгейдегі қызметтер жетілдіріліп, олардың қолжетімділігі мен сапасы арттырылуда. Бағдарламаның негізгі бағыттары – жүктілік кезіндегі асқынуларды ерте анықтау, перинаталдық скрининг пен генетикалық зерттеулер жүргізу, психопрофилактика, қашықтан кеңес беру және патронаж ұйымдастыру. Қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету де қарастырылған. Сондай-ақ репродуктивті денсаулықты сақтау, түсік жасатудың алдын алу, басқа медициналық мекемелермен тығыз байланыста жұмыс істеу және ана мен бала өлімін азайту мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылып келеді. Енді осы орталықтың қызметімен жүкті келіншектердің денсаулығын бақылау бұрынғыдан да жақсара түседі, – деді басқарма басшысы Сержан Сәрсенбекұлы.

Жаңа бөлімшеде аяғы ауыр келіншектердің игілігі үшін акушер - гинекологтар , ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) мамандары, отбасын жоспарлау жөніндегі кеңесшілер қызмет атқарады. Сонымен қатар мұнда болашақ аналар үшін арнайы мектеп, психологиялық және заңгерлік көмек те қарастырылған.

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар