Жатақхана жеке кәсіпкер Мейіз Рыспаеваның есебінен салынып, пайдаланылуға берілді. Аталған жатақханада Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледж студенттері орналастырылады. Бұл игі шара жастардың әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын жақсарту және қолжетімді білім беру кеңістігін кеңейту мақсатында жүзеге асырылды. Жатақхана заманауи стандарттарға сай салынып, студенттердің жайлы тұруы үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Ғимаратта тұрғын бөлмелер, оқу және демалыс залдары, асхана мен кір жуу бөлмелері бар.
Іс-шара барысында «Jastar Life Talks» – мотивациялық форумы да ұйымдастырылды. Форум аясында әртүрлі салада жетістікке жеткен жас мамандар мен танымал тұлғалар студент жастармен кездесіп, өздерінің табысқа жету жолымен, өмірлік тәжірибелерімен және мотивациялық ойларымен бөлісті. Солайша жастарға шабыт берді, әрекет етуге үндеді, қолдау білдірді.
Іс-шара соңында белсенді жастар облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен және бағалы заттай сыйлықтарымен марапатталды.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Облыста мал саны 3,7 миллионға жетті
- 12 наурыз, 2026
Былтыр құрылыс сапасына 63 мыңнан астам шағым түскен
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




