Президент Жолдауында «Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе өз шешімін таппай келеді. Мен 2025 жылға дейін ауылдық жерлердегі және қала ішіндегі жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім» деп атап көрсеткен еді. Соған қарамастан соңғы 10 -15 жылда Тараз қаласында асфальт төселмеген көшелер бар.
Асфальт төселмеген көшелерде өздеріңізге белгілі жауын-шашынды күзде, қыста жауған қар ери бастаған кезде, көктемгі жауын-шашында тек қана жаяу жүргіншілер емес, сонымен қатар жеңіл автокөліктермен жүру де қиын. Себебі жолдар ойылып, автокөліктің асты жерге тиіп, лайға батып, жүргізушілер ренішін білдіріп жататын, ал оқушылар болса, лай болып мектепке бара алмай үйлеріне қайтып кететін уақыттар да болды. Оқушылардың ата-аналарының біреуінде автокөлік болса, кейбіреулерінде жоқ.
2024 жылы С.Жәңгір, М.Жүзбай және Кольцевой көшелерін «Арайстроймаркет» ЖШС асфальттаған болатын. Сол кездегі көше тұрғындарының қуанышын көрсеңіз, қуаныштары қойнына сыймай, облыс әкімі Ербол Қарашөкеевке, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке, осы компанияның басшысы Арман Еділбаевқа және сол компанияның асфальт төсеп жатқан қызметкерлері мен жұмысшыларына өз ризашылықт арын білдірген болатын.
Ал биыл Асанбай Асқаров, А.Пушкин, Кольцевой және Қосы батыр аралығындағы көшелерге, сол көшелерді бірбіріне қосатын қосалқы көшелерге асфальт төселіп нұр үстіне нұр жауып тұр. Себебі С.Жәңгір, М.Жүзбай және Кольцевой көшелеріндегі құдықтардың ернеуі көтеріліп, екінші рет асфальт төселуде. Ал қосалқы көшелер тегістеліп, оларға да асфальт төселді. Сол себепті тағы да облыс әкімі Ербол Қарашөкеевке, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке, осы компанияның басшысы Арман Еділбаевқа және сол компанияның асфальт төсеп жатқан қызметкерлері мен жұмысшыларына тағы да өз ризашылықтарымызды білдіріп, алғысымызды айтамыз.
Істеріңізге сәттілік тілеп, еңбектеріңіз табысты да жемісті бола берсін демекпіз.
Юлдашбай ДӘРІБАЕВ
Қазақ ұлттық «Су шаруашылығы және ирригация» университетінің аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент.
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




