Облыс әкімі алдымен «Сансызбай» шаруа қожалығына барды. Мұнда 510 ірі қара мал бар, оның ішінде 150-і сауынды сиырлар. Алынған сүт жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізіледі. Қожалықтың қарамағында 500 гектар егістік, 1000 гектар жайылым және 10 дана ауылшаруашылық техникасы бар.
Келесі кезекте Ербол Қарашөкеев этно-туристік «Көксай» демалыс аймағына апаратын жолдың сапасын тексерді. Бұл жоба ауданның туристік тартымдылығын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда. Жолдың жалпы ұзындығы – 19,083 шақырым, жол төсемінің ені – 4,5 метр. Облыс әкімі Жуалы ауданының орталығында орналасқан теміржол көпірін және оның астынан өтетін жолды бақылап шықты. Қазіргі таңда өткелдің ені көлік құралдарының тек бір бағытта қозғалуына ғана мүмкіндік береді, бұл жүріп-тұруда қиындықтар туғызады. Жергілікті тұрғындар ұзақ жылдан бері бұл көпірді жөндеп, өткелді кеңейтуді сұрап келген.
Жөндеу жұмыстары биыл басталып, екі жолақты жол мен жаяу жүргінші жолы салынуда.
– Бұл мәселеге қатысты маған әлеуметтік желілерде тұрғындар жиі жазады. Көпірдің жағдайы қанағаттанарлықсыз екенін көріп отырмыз. Жұмыстардың сапасын қатаң бақылауда ұстау қажет. Бұл ең алдымен аудан тұрғындары мен жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін жасалуда, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ ол аудан орталығындағы басқа да проблемалық жол учаскелеріне назар аударып, аудан басшылығына тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Аймақ басшысы «Ali-Ko SUT» сүт өңдеу цехына да ат басын бұрды. Кәсіпорын күн сайын 5 тоннаға дейін сүт қабылдап, қайта өңдейді. Мұнда табиғи өнімдер – ірімшік, сары май, құрт өндіріледі. Кәсіпорында 10 адам жұмыс істейді.
Облыс әкімі кәсіпорын басшысына өндірістік қуаттылықты арттыру және өнім түрлерін кеңейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. «Нұран» шаруа қожалығында цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Қожалық егесі егінді тиімді әрі уақыт үнемділігін пайдалану үшін 12 миллион теңге тұратын екі агродрон сатып алған. Бұл құрылғы тәулігіне 200 гектарға дейін жұмыс істейді – трактордың жұмысымен салыстырғанда үш есе тиімді.
Өңір басшысы шаруаларға цифрлық технологияларды кеңінен пайдалану міндетін қойды. Сапар барысында Ербол Қарашөкеев «Злиха» шаруа қожалығында жаңбырлатып суару жүйесінің қолданылуымен танысты. Биыл шаруашылық 317 гектар жердің 80 гектарына картоп еккен. Оның 20 гектарында Grimme компаниясының заманауи су үнемдеу технологиясы қолданылған. Өнімді сақтау үшін жалпы сыйымдылығы 2100 тонна болатын екі заманауи климат-бақылауы бар көкөніс сақтау қоймасы салынған.
Ербол Қарашөкеев сондай-ақ әлеуметтік нысандардың құрылысымен, «Егістіктен сөреге дейін» жобасының іске асырылуымен танысып, білім беру мекемелерін аралады. Жұмыс сапары қорытындысы бойынша өңір басшысы жол жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды, қайта өңдеу кәсіпорындарына қолдау көрсетіп, өнімдерін үздіксіз өткізуге жағдай жасауды, агроөнеркәсіп кешенінде цифрлық технологияларды кеңінен қолдануды, әлеуметтік жобалардың, әсіресе ауыз су мәселелерінің орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




