Сонымен қатар жылдар бойы шешімін таппай келген көгілдір отын да әр үйге тартылып, таза ауыз су ішуге мүмкіндік алдық. Ішкі ауыларалық Тереңөзек – Көкарық – Шолаққайыңды бағытындағы жеті шақырым аралықты қамтитын автокөлік жолы қайта жөнделіп, көшелер жарықтандырылды. Ғаламтор жүйесі қолжетімді.
Аталған шағын ауылымызда клуб, кітапхана, бастауыш мектеп, дәрігерлік пункт, мешіт тұрғындарға қызмет етуде. Клуб қызметкерлері өздері қаражат қарастырып, жаңадан музыкалық аппараттар сатып алды. Атаулы және мереке күндерінде мәдени іс-шараларын өткізіп, концерт ұсынады. Ауылдағы «Мәндібай ата» мешітінің бас имамы Нұрғали Байдуанов арнайы оқу орнын бітірген білікті маман. Ол қазіргі таңда ауыл тұрғындарына, оның ішінде жастарға жақсы тағылым беріп, жұртты имандылыққа баулып отыр.
Ауылымызда Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер мен майдан даласында шейіт болған боздақтарға арнап «Ерлікке – тағзым, ұрпаққа – ұлағат» ескерткіш тұғыры орнатылды. Аталған тұғырдың мәрмәр тасына 109 адамның атыжөні жазылған. Бұл аталған батыр азаматтардың ұрпақтарына да мақтаныш.
Ескерткіш тұғырдың ашылу салтанатына алыс-жақыннан келген қонақтар, марқұмдардың туыстары ақ баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді. Жалпы қоғамда жекешелендіру басталғалы бері Шолаққайыңды ауылынан 70 отбасы ауылдық округтің есебіне тіркелген. Оның ішінде 12 отбасы өздерінің жеке үлестеріндегі жайылымдық, егістік жерлерін мемлекеттік акт бойынша рәсімдеп, шаруа қожалықтарын ашқан. Олар бұл күнде төрт түлік малдың санын ұлғайтып, атқарылған жұмыстарының игілігін көруде.
Орталықтан шалғай жатқан, тау алқабындағы жасыл желекке оранған шағын ауылдың бүгінгі тынысы осындай.
Бейбіт БАЙСАРИЕВ
зейнеткер,
Т.Рысқұлов ауданының Құрметті ардагері.
Т.Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




