«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Атқарылған шаруа аз емес

Атқарылған шаруа аз емес
Ашық дереккөз
«Тараз» микроқаржы ұйымы» ЖШС – Жамбыл облысының әлеуметтік бағдарланған салаларына кәсіпкерлік қызметті дамытуға микрокредиттер мен лизинг беретін микроқаржы ұйымы. Ұйым 2018 жылдың 20 қыркүйегінде құрылған. 2019 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 4 миллиардтан астам теңгеге 535 қаржылық лизинг және микрокредит шарттары қаржыландырылды.

Оның ішінде жалпы сомасы 3 миллиардтан астам теңгеге 413 қаржы лизингі шарты қаржыландырылды, ал қалған 1 миллиардтан астам теңгеге 122 микрокредит берілді. МҚҰ қаржыландыру шарттарына тоқталсақ.

Пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 5-6 пайыз. Кредит беру мерзімі – микрокредит бойынша 60 айға дейін. Қаржы лизингі шарттары бойынша 84 айға дейін.Қаржы лизингі шарттары бойынша бастапқы жарна-лизинг нысанасының құнынан кемінде 10 пайыз. Кепілмен қамтамасыз ету – шағын несие бойынша жылжымайтын мүлік, қаржы лизингі шарттары бойынша сатып алынатын лизинг заты. Қызметті жүзеге асыру үшін «Тараз» ӘКК» АҚ мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан тартылған қарыз қаражатының жалпы сомасы 2990235760 теңгеден асады.

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасын іске асыру аясында жалпы құны 1038410 мың теңге болатын 192 дана ауыл шаруашылығы техникасын пилоттық жоба аясында 11 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне лизинг арқылы алып берген болатын. Сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға жалпы сомасы 264670, 5 мың теңге құрайтын шағын несиемен қаржыландырған. Мал шаруашылығына, айналым қаражаттарына, балық өсіруге, өзге жабдықтарына және тағы басқа да мақсаттарына 1022895 мың теңгедей шаруаларға шағын несие берілді.

«Tradein» бағдарламасы арқылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу арқылы отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді техникалық жарақтандыру мақсатында шаруаларға 721259 мың теңге сомасында техника сатып алынды.

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасын іске асыру аясында жалпы құны 209609 мың теңге болатын 50 дана ауыл шаруашылығы техникасын пилоттық жоба аясында 2023 жылдың басында жаңадан құрылған 9 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне лизинг арқылы алып берген болатын.

 

Бердияр ҚҰТТЫБАЕВ

«Тараз» микроқаржы ұйымының директоры.

Ұқсас жаңалықтар