Амандықтан соң олар данышпанға келген шаруаларын айтуға көшіпті.
«Ақсақал, біздің ауыл қиын болып барады. Дүкенші тараздан алдайды, әкім пара алады. Молда әр оқыған Құранына ақы сұрайды, мұғалім балаларымызға өз деңгейінде білім бере алмайды. Не істейміз?» деп сұрапты.
Сонда данышпан ақсақал ұзақ ойланып, әлгілерге бір қарап алып өзінің тұжырымын айтыпты.
– Айналайын қарақтарым! Алыс елді мекеннен тек осы жағдайларды айту үшін келдіңіздер ме? Сіздер ше? Сіздер де сол ауылдың бір бөлшегі емессіздер ме? Бұл уәждеріңіз өздеріңіз шеше алатын нәрсе. Мен бір ғана мысал келтірейін. Осы жасқа жеткенше менің көзім жеткені – адамдар шыбын мен ара секілді. Гүл жайнап өсіп тұрған баққа шыбын ұшып келіп кірсе гүлге қонбайды. Бақтың бұрышына тасталған қоқыс болса, жұпар шашқан гүлдердің үстімен ұшып барып, сол қоқысқа қонады. Шаңын бұрқыратып сол қоқысты ақтара бастайды. Ал, ара ше? Ара тек қана әдемі, тәтті нәрселерді іздеп табады. Тек тәтті, жағымды нәрселерге қонады. Шашылған қоқыс, кірден көрінбей тұрған бөлменің бір бұрышында кішкентай ғана жалғыз гүл тұрса, ара еш жерге тоқтамай сол гүлге барып қонады. «Лас жерді көрдің бе?» деп арадан сұраңыздаршы. «Жоқ, лас жерді көрмедім» деп жауап береді. Қарақтарым, адамдар да сол секілді. Жақсы адам айналасынан тек жақсылықты байқайды. Өзі де үнемі ізгіліке ұмтылады. Жаман адам осы нәрселерге керісінше, ылғи жаман нәрселерді көреді. Сол келеңсіздіктің шырмауынан шыға алмай жүреді. Жаман нәрсеге жақын жүріп, түбі содан өзі зардап шегеді. Айналам жақсарсын десеңіздер, алдымен өздеріңіз жақсы болыңыздар. Қолдағы бар нәрсеге шүкіршілік етіп, ізгілік таратуға тырысыңыздар», – депті.
Әлгі кісілер қарияның жауабына риза болып, қателіктерін мойындап, кері қарай жолға шығыпты. Сол уақыттан бастап аталған ауылда да жақсылық пен береке орнапты.
Осылайша, дана қарттың бір ақылының өзі бір ауылды тәрбиелеуге жарапты.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




