Алданыш Арыстанғалиұлы бар саналы ғұмырын еліміздің әлеуметтікэкономикалық және қоғамдық-саяси дамуына арнады. Алданыш Арыстанғалиұлы 1941 жылы 24 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сақсауыл кентінде дүниеге келген.
1965 жылы Мәскеу теміржол инженерлері институтын бітіріп, еңбек жолын Жамбылда нормалаушы инженер-экономист ретінде бастады. Өмірінің әр кезеңінде ел үшін жауапты да маңызды қызметтерді атқарып, мемлекеттік басқару саласында да өз орнын қалдырды.
Әр жылдары: Жамбыл облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары (1987-1989 жж.);
Қоршаған ортаны қорғау және аумақтық даму басқармасының бастығы; ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы аймақтық даму референтурасының жетекшісі;
ҚР Президенті Аппаратының қызметкері (1991 ж.);
ҚР Қаржы министрлігінің Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары (1991–1995 жж.);
Жамбыл облысының Салық инспекциясының бастығы (1995-1996 жж.); ҚР Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (1996-2006 жж.) қызметтерін атқарды.
Алданыш Арыстанғалиұлы – Қазақстанның алғашқы Салық кодексін әзірлеуге қатысқан сарапшылардың бірі, еліміздің қаржы-экономикалық саласының дамуына зор үлес қосқан білікті маман, білікті реформатор. Ол 150-ден астам ғылыми еңбек пен 80-ге жуық баспа жұмыстарының, бірнеше кітаптардың авторы.
Соңғы жылдары ғылым мен білім саласында белсенді қызмет атқарып, Қаржы академиясында «Қаржы және кеден ісі» кафедрасының меңгерушісі ретінде жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған. Сонымен қатар қоғамдық салада да белсенділік танытып, «Ішкі істер органдары ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті ретінде қызмет етті.
«Хозрасчет в локомотивном деле» (1977), «Салық және салық салу» (2009) деген кітаптардың авторы.
Алданыш Арыстанғалиұлы Жамбыл облысы мен Қызылорда облысы Арал ауданының Құрметті азаматы, теміржол саласының Құрметті қызметкері.
Облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың аппараттары, облыстық ардагерлер кеңесі және қоғамдық кеңес көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрымов Алданыш Арыстанғалиұлының қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




