«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жанашырлық бар жерде, нәтиже бар

Жанашырлық бар жерде, нәтиже бар
Автор
«Мәдениет дегеніміз – кісілер арасында адам болу өнері»,– депті әйгілі ақын Олжас Сүлейменов. «Мәдениеті мықты елдің мәртебесі биік» — деп халық бекер айтпаса керек. Бұл нақыл сөздің астарында терең мән, үлкен мағына жатыр. Әсіресе, ауыл мәдениеті – ауылдың бет-бейнесі, рухани келбеті. Халықтың тыныстіршілігі мен рухани өмірі осы мәдениет ошақтарында көрініс табатыны анық.

Ауылдағы мәдениет ошақтарына жеткілікті деңгейде көңіл бөлінгені дұрыс. Себебі, таланттардың көпшілігі сол ауылда жүрген, бойында қазақылық тұнған жастардан шығады. Осы мәселені жақсы түсінген Талас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Мұхтаров ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың материалдық – техникалық базаларын жаңартып, музыкалық апараттар мен қажетті құралдарды жаңартуда. Бұл мәдениет саласы қызметкерлерінің қуанышын еселей түсті.

Атап айтқанда, музыкалық аппаратуралар, сахна перделері мен жарық жүйелері, сахналық кілемдер мен жолақтар, көрермен залының заманауи орындықтары, әдістемелік бөлмеге жаңа жиһаздар, үйірме қатысушыларына арналған орындықтар, «Домбыра» үйірмелеріне – домбыралар, «Қолөнер» үйірмелеріне – тігін машиналары, ағаш оятын аспаптар, «Би» үйірмелеріне – ұлттық би киімдері берілді. Мұндай жанашырлық ауылдық мәдениет ошақтарына серпін сыйлайтыны анық. Мәселен, Аққұм ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Болсынбек Аманбаев.

«Мен осы мәдениет саласында, ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі ретінде 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін. Осы уақыт аралығында түрлі кезеңдерді бастан өткердік. Бірақ соңғы екі жыл ішінде мәдениет пен өнер саласында айтарлықтай оң өзгерістер орын алды. Бұл – Талас аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының жанашырлық көзқарасының нәтижесі деп білеміз. Осындай жағдай жасалған соң, үйірмелерге деген қызығушылық артты, шығармашылыққа серпін берілді. Мәдени іс-шараларымыздың сапасы өсіп, облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындармен оралып жүрміз. Ең бастысы – ауыл халқының ықыласы мен ризашылығы», – дейді.

Осындай жанашырлық бар жерде істің оңға басатыны анық.

 

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ

Талас ауданы

Ұқсас жаңалықтар