Елордалық төтеншеліктерге қызметтік автокөлік пен пәтір кілттері табысталды
- author «Ақ жол»
- 25 шілде, 2025
- 1.2k
Жаңа қоныс иелерінің қатарында құтқарушылар, жүргізушілер және бөлімше командирлері бар. Сонымен қатар қызметтік техника паркі жаңартылып, бұл төтенше жағдайларға ден қою жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Ведомство басшысы жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде қызметкерлерді тұрғын үймен және заманауи техникамен қамтамасыз ету — бұл ТЖМ қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілетін жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.

«Тұрғын үймен қамтамасыз етілу – ертеңгі күнге деген сенімділік, басты іске – адам өмірін құтқаруға толық көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Тұрғын үй мәселелерін шешу – қауіпсіздіктің алдыңғы шебінде тұрған адамдарға жасалған қамқорлық, біздің басты басымдығымыз», – деді Шыңғыс Әрінов.
Құтқарушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету – азаматтық қорғау қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік саясатындағы басты бағыттардың бірі. Министрлік жеке құрамға лайықты қызмет жағдайын жасап, олардың ынтасын арттыруға бағытталған шараларды дәйекті түрде жүзеге асыруда.

Аталған бағыттағы жұмыс биыл да белсенді түрде жалғасуда. Тек 2024 жылдың өзінде Астана қаласының ТЖД қызметкерлеріне 50 пәтер берілді. Бағдарлама аясында тұрғын үймен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ұқсас жаңалықтар
Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер
- 19 ақпан, 2026
Кедергісіз орта қалыптастыра аламыз ба?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




