Қанат Кеналыұлы 1960 жылдың 25 мамырында Меркі ауданы, Киров колхозы, қазіргі Сұрат ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Жамбыл технологиялық институтын инженер-химик, технолог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Тараз қаласындағы «Жүн өңдеу фабрикасында» ауысымдық шебері болып бастады. Кейінірек аудандық ішкі істер бөлімінде, Меркі қант зауытында абыройлы еңбек етті.
2006 жылдан бастап «Сыпатай Батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып қызмет атқарды. Қанат Кеналыұлы басқарған жылдары «Сыпатай Батыр» ЖШС егін шаруашылығы және асыл тұқымды қой өсіру бағытында еліміздің дамуына зор үлес қосты. 2017 жылдан қант қызылшасын өсіріп, жыл сайын мол өнімге қол жеткізді.
Серіктестік жаңбырлатып суғару технологиясын алғашқылардың бірі болып енгізіп, элиталы тұқым шаруашылығын қолға алды. Шаруашылықтың белсенді жұмысшылары әрбір жылдың қорытындысы бойынша автокөлікпен қамтамасыз етілді. Жыл сайын халыққа демеушілік көрсету жұмыстарын белсенді ұйымдастырып, ұйытқы бола білді. Оның демеушілігімен аудандағы әлеуметтік нысандарға күрделі жұмыстар жүргізілді. Қашанда қарияларға қамқорлық көрсетіп, еңбек ардагерлеріне қол ұшын созып, қарайласудан аянбаған атпал азамат.
Аталған еңбектері елеуліз қалмай, ел Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен, екі мәрте Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және көптеген мерекелік медальдармен марапатталды.
Қанат Кеналыұлының еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі, азаматтық асыл қасиеттері ешқашан ұмытылмайды.
Облыстық ардагерлер кеңесі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




