Облысымызда 4 064 014 бас ауыл шаруашылығы жануарлары есепке алынған. Оның ішінде 488 574 мың бас мүйізді ірі қара, 3 347 224 бас ұсақ мал, 214 942 бас жылқы, 8 651 бас түйе және 4 623 бас шошқа малдары «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерек қорына тіркелген.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін, профилактикалық іс-шараларды, жануарлардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерге бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті бірдейлендіруге жатады.
Бірдейлендіруді жүргізу тәртібі мен мерзімдері «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» Қағидаларын бекіту туралы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен реттеледі. Жануарларды есепке алу рәсімі жануарларға жеке нөмір беруді қамтиды, ол жануар иесі өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Бірдейлендіру нөмірін бергеннен кейін компьютерлік деректер базасына (АШЖБ – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасы) ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді енгізеді және ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға сырға салынады немесе таңба басылады.
Бірдейлендіру қорытындылары бойынша деректер бүкіл Қазақстан аумағындағы бірыңғай мемлекеттік компьютерлік дерекқорға (АШЖБ) енгізіледі. Ол мал басының есебін жүргізуді ұсынып қана қоймай, сонымен қатар әр жануар бойынша ветеринариялық манипуляциялардың тарихын сақтауға мүмкіндік береді. Деректер базасында ветеринариялықпрофилактикалық іс-шаралардың мәліметтері көрсетіледі, олардың негізінде ветеринариялық ілеспе құжаттар рәсімделеді. Ел аумағындағы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруге жатады.
Егер иелігіңізде бірдейлендірілмеген жануарлар болса мынадай ветеринариялық қызметтер көрсетілмейді:
– Ұрланған (табылған) жануардың кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін емес (бірдейлендірілген жануарды табу және оны иесіне қайтару оңайырақ);
– Бірдейлендіру нөмірінсіз мал дәрігері тарапынан ветеринарлық анықтама рәсімделмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдері келесі жасқа жеткен күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіру қажет:
– Бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
– Құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
– Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарында күтіп - бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
– Тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіпбағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
Әрбір ауыл шаруашылығы жануарларын ұстап отырған мал иелеріне ветеринар мамандар тарапынан ұсыныстар:
– Дер кезінде, ең бастысы өз жануарларыңызды бірдейлендіру керек.
– Сатып алу, сату, сою, төлдеу, жануарлардың сырғаларын жоғалту кезінде үш күн ішінде ветеринар маманға хабарласуыңыз керек. Бұл компьютерлік деректер базасында (АШЖБ) толық және сенімді есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Иелігіңіздегі жануарларды бірдейлендіру және есепке алу мәселелері бойынша жергілікті ветеринариялық бөлімнің мамандарына міндетті түрде жүгіну қажет.
Айжан УРАЗБЕКОВА
облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөлімінің бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




