Байқадам Дүйсенбаевтің айтуынша, 2025 жылдың 6 айында облыстың сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 742 өтініш келіп түскен. Өтініштер саны өткен жылдың мерзімді кезеңімен салыстырғанда 214 өтінішке артқан.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша 580 өтініш, сауда қызметі саласы бойынша есепті кезеңде 162 жазбаша өтініш келіп түскен. Сондай-ақ департаментке келіп түскен жазбаша өтініштердің жалпы саны 466 өтінішті құрап, мамандармен азаматтарды қабылдауға 82 адам, басшымен азаматтарды қабылдауға 4 тұтынушы қайырылған. Ал жедел желі телефонына 160 қоңырау шалынып, жеделхатқа 30 өтініш келіп түскен.
– Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтынушылардың шағымдарының негізгі спектрі бөлшек сауда болып табылады. Бөлшек сауда бойынша өтініштерде сапасыз тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуға қатысты өтініштер басымдыққа ие. Есепті кезеңде департаментпен қаралған өтініштердің қорытындысы бойынша тұтынушыларға 14,6 миллион теңге қайтарылды. 2025 жылдың 6 айында облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың өтініштері бойынша бизнес субъектілеріне 101 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның ішінде сауда саласында 78 тексеру, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 23 тексеру орын алды. Тексеру нәтижесінде 89 заңбұзушылық анықталды. Заңбұзушыларға 89 әкімшілік жаза қолданылды, оның 44-і ескерту түрінде, 35-і жалпы сомасы 1228,8 мың теңгені құрайтын айыппұл түрінде іске асырылды. Сондай-ақ 6 профилактикалық бақылау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. 2025 жылдың 6 айында әлеуметтік желілерде, өңірлік БАҚ-та 1224 материал мен 34 мақала, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында 12 материал жарияланды. Департамент қызметкерінің қатысуымен облыстық радиода 2 рет сұхбат алаңы ұйымдастырылды. 10 күндік «Ашық есік» іс-шарасы, өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 3 брифинг өткізілді, – деді Байқадам Еркінбекұлы.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




