Қалаға қосылған елді мекендердің мәселесі ескерусіз қалмайды
- author «Ақ жол»
- 24 шілде, 2025
- 1.3k
– Ағымдағы жылы облыстық бюджетке секвестр жасалуына байланысты және қалалық бюджеттің мүмкіндігін ескере келе, бірінші кезекте 2025 жылғы Жол картасындағы кезек күттірмейтін және шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселелерді қаржыландыруымыз қажет деп есептейміз. Ол үшін екі аудан әкімдігі елді мекендердегі тұрғындармен кездесіп, бірінші кезектегі өзекті мәселелерді анықтауы керек. Соған сәйкес Жол картасын қайта өзектендіру қажеттілігі туындап отыр, – деді Дархан Ермаханбетұлы.
Шаһар басшысы өз кезегінде Жол картасында межеленген міндеттердің жүзеге асу барысы әлі де төмен екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды ширатуды тапсырды. Келесі кезекте Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының басшысы Мақсат Нареш шаһардағы спорт алаңшаларының жағдайына тоқталды.
Сонымен қатар кеңесте 2025 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысымен Тараз қаласы бюджетінің болжамды орындалуы, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілу барысы, «Тараз» индустриалды аймағын кеңейту, Кеңес Одағының Батыры А.Сухамбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі және ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өту, балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы, қала көшелеріне атау беру және заңсыз орналасқан сауда дүңгіршектерін алу жайлы өзекті мәселелер жан-жақты қаралды.
Кеңесті қорытындылаған қала әкімі күн тәртібіне шығарылған әрбір мәселе бойынша сала басшыларынан есеп алып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Облыста мал саны 3,7 миллионға жетті
- 12 наурыз, 2026
Былтыр құрылыс сапасына 63 мыңнан астам шағым түскен
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




