
– Кез келген ауруды асқындырмай, оның алдын алуымыз керек. Қалқанша безі – адам ағзасындағы ең маңызды мүшелердің бірі. Қалқанша безінен гормондар бөлінеді. Гормондар адам ағзасының жұмысын реттеп отыратынын ескерсек, бұған 80-85 пайыз қалқанша безі жауап береді. Жалпы, қалқанша безі ауруларының пайда болуының себептері көп. Оның ең бірінші себебі – тұқым қуалау. Екінші – адамның жүйке жүйесіне психикалық эмоционалдық күш түсу. Оған көп жағдайлар әсер етуі мүмкін. Үшінші – дұрыс тамақтанбау. Ағзаға керекті дәрумендер мен минералдар түспеген жағдайда, сондай-ақ нашар экологиялық ахуал да аурудың пайда болуына әсерін тигізбей қоймайды. Қазір адамдардың көпшілігінде созылмалы аурулары бар. Сол аурулардың да әсері болады. Сондайақ ағзаға йод жетіспегенде қалқанша безі аурулары пайда болады. Радиациялық, химиялық зауыттарда жұмыс істейтін адамдар қалқанша безі ауруларына жиі шалдығады. Оларға жұмыс істейтін ортада токсин арқылы зиян беріліп, қалқанша безінің жұмысын тежеп тастайды. Қалқанша безінің аурулары өте қауіпті. Оны біз асқындырып алмас үшін алдын алып отыруымыз керек. Гипертиреоз, гипотиреоз, жалпы қалқанша безінің бұл ауруларын асқындырып алмас үшін емделу керек. Науқас дер кезінде емделмесе, гипотиреоздық комаға әкеліп соғуы мүмкін. Ол қалқанша безінің ісініп, адам денесінде сұйықтықтың пайда болуына әкеліп соғады. Сол себептен жүректің қызмет етуі де әлсірейді. Жүрек ақаулары пайда болады. Уақытылы ем қабылдамаған науқастарда көздері шарасынан шығып кетеді. Зоб кезінде түйіндер емделмейтін болса өседі. Сонымен қатар обыр ауруына әкеліп соғуы мүмкін, – деді дәрігер Тілеулес Жомартұлы.
Тілеулес Қожахунов шынында да жүзінен шуақ төгілген, мейірімді жан. Бұған біз онымен әңгімелесу барысында көз жеткізе түстік. Жалпы, мамандықтың бәрі жақсы. Дегенмен адам өміріне арашашы дәрігерлік мамандықты таңдау адамға үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан тыжырынбайтын, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Біз сөзге тартқан дәрігердің барлығы да осы талаптарға сай.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді