Одан бөлек Әшіркүл Қасымова мектепте мұғалім ретінде де, басшы ретінде де талай шәкіртті баптап ұшырды. Ал, Базаркүл Әлмейізова №44 мектепте директор болып талай балалардың болашағына жол ашты.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген осы екен, бүгінде бұл ұстаздардың тәрбиесін көрген талай шәкірт Қазақстанның түкпір-түкпірінде абыроймен қызмет етіп жүр. 5-сыныпты аудан орталығындағы Калинин атындағы мектепте оқыдым. Бірақ сегізінші сыныпта оқып жүрген кезде ауылда қалған апам қатты ауырып қалып, Дүйсебай атам мені оқудан шығарып алды. Үйге келіп сырқаттанып жатқан апама қарап, бас-көз болдым. Бірақ өз бетімше білім алуымды бір күн де тоқтатпадым. Көптеген газет-журналдарға жазылдым, кітаптар сатып алып оқыдым. Тіпті орыс тіліндегі әдебиеттерді де оқып, сауатымды жетілдірдім.
Осы газет-кітаптарды көп оқудың арқасында жоғарғы оқу орнын бітіргендей білім алдым десем болады. Кейінірек редакциялармен тығыз байланыс орнатып, өзекті мәселелер жөнінде мақалалар жазып, 35 жылдан бері аудандық «Меркі тынысы», облыстық «Aq jol» газеттерінің штаттан тыс тілшісі ретінде белсенді жұмыс істеп келемін. Осы еңбегімді бағалаған әріптестерім БАҚ мерекесінде арнайы марапаттап, мерейімді өсірді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелік медалімен де марапатталдым.
Жалпы Меркі жері – таланттардың өлкесі. Ғалым, профессорлар Темірбек Қожакеев пен Намазалы Омашев, актриса Гүлжан Әспетова, Қазақстанның Халық әртісі, композитор Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова осы ауданда туып-өсіп, осы жердің ұстаздарынан тәлім-тәрбие алған. Шынында ұстаз еңбегі – аса құнды, өлшеусіз еңбек. Әр адамның өмірінде білім әлеміне жол ашып берген аяулы ұстазы болады.
«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, болашақ ұрпағымыздың қандай болып өсетіні мұғалімнің адал еңбегіне, педагогикалық шеберлігіне, шыдамдылығына, сондай-ақ өз жұмысына деген сүйіспеншілігіне байланысты. Сондықтан қай заманда да ұстазға деген құрмет шексіз, ұстаздықтың шоқтығы биік. Өмірлік жолымды айқындап берген ұстаздарыма мың алғыс!
Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,
еңбек ардагері. Жамбыл ауылы, Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




