Атап айтқанда, аудан басшысы Ақбастау ауылдық округіндегі Қошан және Мейірман каналдары арқылы ағын судың жету барысын көзбен көріп, шаруалармен кездесті. Ауыл тұрғындары мен диқандар су көзінің негізгі бастауларындағы шлюз (бекітпе) құрылғыларын қайта қалыпқа келтіру қажеттігін алға тартып, бұл мәселені шешу аясында ұсыныст арын жеткізді. Сонымен қатар бау-бақшалар мен егістік алқаптарына су жеткізу жолдарын тиімді ету бағытында нақты ұсыныстар айтылды.
Бұдан бөлек Ерлан Қыдыралыұлы Көлқайнар және Қарасу ауылдық округтеріндегі Ташарық, Ташарық-1, Кейкі каналдарының да жай-күйін арнайы барып зерделеді.
Каналдардың тозу деңгейі, су өткізу жағдайы және шаруаларға көрсетіп отырған пайдасы кеңінен сараланып, алдағы уақытта жүргізілетін жөндеу, тазалау жұмыстарының бағытбағдары пысықталды. Аудан басшысы мұндай кездесулердің басты мақсаты – шаруалардың күнделікті күйіп тұрған мәселе сін дер кезінде тыңдап, нақты шешім қабылдау екенін атап өтті.
Шаруалармен жүздесу барысында ағын су мәселесі тек шаруашылық қана емес, әлеуметтік тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігінің де негізгі іргетасы екені айтылды.
Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Облыста мал саны 3,7 миллионға жетті
- 12 наурыз, 2026
Былтыр құрылыс сапасына 63 мыңнан астам шағым түскен
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




