– Бүгінде «жерге дән тастау – міндет, ал оны мол өніммен қайтару – технологияны игерген адамның еншісінде», – деген түсінік қалыптасқан. Жаңа тәсілдерді пайдаланып, тың әдістермен жұмыс істеп келеміз. Соның арқасында егістік алқаптарымыз өнімділігін жоғалтқан емес, – дейді шаруа.
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы шаруаның жұмысына оң баға берді.
– Еккен өнімім шықпады, өнім аз болды дейтін уақыт артта қалды. Қазір ауыл еңбеккерлері заманауи техниканы пайдалана отырып, өнімділікті арттыруда. Мұны осы шаруашылықтың жайқалған бидай алқабынан анық байқауға болады. Істеріңізге табыс тілеймін, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Аудан басшысы Гродиково ауылдық округіне қарасты «Рыбалко» шаруашылығының жұмысымен де танысты. Мұндағы диқандар 20 гектар алқапқа бидай, 280 гектарға арпа сепкен. Қазіргі таңда шаруашылықта астық жинау науқаны қызу жүріп жатыр.
Шаруалар ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, егін жинау жұмыстарын уақтылы әрі сапалы аяқтауға күш салуда. Аудан әкімі астық алқаптарын аралай жүріп, техника мен қамтылу деңгейіне, астықтың шығымына және ұйымдастыру жұмыстарына назар аударды. Өз кезегінде шаруашылық өкілдері жұмыс кестесін нақты құрып, өнім жинау қарқынының жоғары екенін жеткізді.
Жалпы, аудан бойынша биылғы егістік науқаны орташа деңгейде. Шаруалар ғылым мен техниканы қатар пайдалану арқылы мол өнім алуға талпынуда. Бұл өз кезегінде өңірдің аграрлық әлеуетін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатыны сөзсіз.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




