Тұңғыш түлектерге диплом тапсырылып, жаңа өмірге жолдама берілді
- author «Ақ жол»
- 15 шілде, 2025
- 1.3k
Мерекелік іс-шара барысында студенттерді университет ректоры Кәмшат Маратқызы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұқаш Зұлқарнайұлы, Амаnаt партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы құттықтап сөз сөйледі.
2025 жылғы түлектерге арналған дәстүрлі «Үздік түлек» мерекелік ісшарасы салтанатты түрде өтіп, диплом табыстау рәсіміне университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен олардың ата-аналары қатысты.
– Жамбыл өңірінде білім мен ғылымның іргелі шаңырағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті алғашқы түлектерінің үлкен өмірге қадам басқан сәті ерекше маңызға ие. Жаһандану кезеңінде кәсіби мамандарды даярлау – басты назарда. Біз әлемдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытып, ғылыми процестерді жетілдіру жолында жұмыс істеп келеміз. Біздің университетімізді жаңа бітірген түлектер ел экономикасын көтеруге зор үлес қосады деген сенімдеміз, – деп атап өтті университет басшысы өз сөзінде.
Ал Мұқаш Зұлқарнайұлы түлектерге диплом табыстап, жастарға сәттілік тілеп, ыстық ықыласын білдірді. Ол жастарды үздіксіз білім алуға шақырып, болашақта биік белестерге жетуін тіледі. Іс-шараның есте қалар сәттерінің бірі – ұстаздардың марапатталуы болды. Университет ректоры Кәмшат Маратқызының ұсынуымен университтің осынау оқу орнының төрт ұстазы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталса, 13 оқытушы Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатына ие болды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




