
Терминалдар бұрыннан бар
Тікелей саудамен айналысатын адамдарды бірнеше санатқа бөлуге болады.
Біріншісі – сауда-ойын сауық орталықтарында және сауда орталықтарындағы бутиктер мен сауда алаңдарында бөлшектік саудамен айналысатындар. Аяқ киім сататын бутиктің сатушысы Айнұр Тәжімбетова дүкендерінде терминалды бұрыннан қолданатынын айтты. Сауда-ойын сауық орталықтарындағы бутиктерде терминал міндетті түрде болуы керек. Мұны әкімшілік қатты қадағалайды. Осындай жерде сауда жасайтындар барлығын ресми рәсімдейді. Өйткені сауда орындарын жалға беретіндерге салық органдарымен қиындық туындағаны керек емес.
Екінші санатқа орталық базарлардағы, қаладағы көптеген сауда орталығы немесе азды-көпті ірі дүкендер мен бутиктер жатады. Әрбір дүкенде кіреберісте немесе кассада QR жапсырмасы бар Шарттары да, себептері де бір. Жабық сауда орындарын жалға беретін әкімшілік барлығының ресми түрде рәсімделіп, сауда жасағанын қадағалайды.
Салық үстінен салық төлеу
Үшінші санаттағылар – бөлшектік саудамен айналысатын сатушылар. Олардың тең жартысы салық төлеп, рәсім жасағылары келмейді. Сатып алушыларға егер қолма-қол ақшаң болмаса, мобильді аударым жасап, салыққа да төлем жаса деп талап қояды.
Мәселен, егер 500 теңгеге бір килограмм алма алатын болсаң, сатушылар 550 теңге аударуды талап етеді. Яғни 50 теңгесі салық есебіне аударылады деп түсіндіреді. Алайда олар мұның біріншіден заңсыз, екіншіден, сатып алушылардың үстеме бағасыз мобильді аударым жасауға болатын жерге кетіп қалатынын ойламайды.
Төртінші санат – дайын ас пен ұсақ-түйек сататын «мобильді сатушылар». Олардың көбісі – әйелдер. Олардың бірде-біреуі бұл жағдайдан хабары жоқ.«Бұл не ? Жеке кәсіпкерлік ашу керек пе? Аударым бойынша шектеу қандай? Біздің табысымыз аз, тіпті 100 мыңға да жетпейді», – дейді олар.
Сауда-ойын сауық орталықтары, базарлар мен үлкен сауда дүкендеріндегі барлық сауда жасаушы мобильді аударымды қабылдайды.
Сондай-ақ қарамағында екі етікші мен бір тігінші бар кәсіпкер бизнеске арналған мобильді банкингтің барлық қызметін қуана-қуана белсенді пайдаланады. Мобильді қосымша арқылы жеке кәсіпкерлік ашқан. Келесі айдан бастап басқа жерге көшеді. Себебі бизнесті дамытуға кредит алып, орын-жайын жақсартып, кеңейтуге салған.
Ол міндетті декларациялау мен QR арқылы төлем жасауды бұрыннан енгізу керек екенін айтады. Өйткені мұның бәрі салық төлемейтін кәсіпкерлерді «көлеңкеден» шығарады.
Шағын және орта бизнес өкілдері не дейді?
«Автогид» автодүкені. Қосалқы бөлшектер мен аккумуляторларды сататын бутиктер, дөңгелек сататын үлкен дүкен – барлығында QR жапсырмасы бар. Бұл дүкенде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға болатынын көрсетеді. Сатушылар жатырқамай, тез тіл табысып кетеді екен. Олар жалпыға бірдей декларация туралы естімеген.
«Біз өзімізге терминалды баяғыда алдық. Нақты білмеймін, мен жай сатушымын»,– дейді жас жігіт.
– Мен осында жұмыс істегеніме бірнеше ай болды, бізде әрқашан терминал болды. Қолма-қол ақша сұраған адамды кездестірмедім. Мен барлық жерде QR арқылы төлеймін. Ал шұлық, құрт сияқты ұсақ-түйек сататын сатушы декларация туралы бірінші рет естіп тұр екен. Тексеріс жайлы да білмейді. Өзіне жұмыс істеп жүрген адам. «Көбінесе қолмақол ақшамен сауда жасап үйреніп қалғанбыз. Аударымды менің нөміріме қабылдаймыз. Қандай заң? Бірінші рет естіп тұрмын. Қайдан оқуға болады?», – деп аң-таң болды ол.
Жалпы, шағын бизнеспен айналысатындардың декларация, оның кәсіпкерлік қызметке әсері жайлы хабары аз. Ал жаңашылдықты күмәнмен қабылдайтындар да әңгіменің не жайында екенін толық түсініп жатқан жоқ.
Қорытындылай келе, сауалнаманы репрезентативті деп атауға болмайды, бірақ та қандай да бір тұжырым жасауға болады. Біріншіден, ақпарат беруді арттыру керек. Өйткені экономикалық жаңашылдықтарға қатысты дүрбелең ақпарат алмағандықтан болады.
Екіншіден, жауапты ведомстволар аудиторияның бір бөлігі желідегі БАҚ пен әлеуметтік желілерді іс жүзінде оқымайтынын ескере отырып, ақпаратты жеткізу арналарын әртараптандыруы керек. Үшіншіден, екінші деңгейлі банктерге кәсіпкердің күнделікті проблемасының жартысын шешетін бизнеске арналған мобильді қосымшаны жарнамалау науқанын күшейту қажет.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Бас жүлдені 8 команда сарапқа салды
- 7 тамыз, 2025
Байзаққа бардық, не көрдік?
- 7 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді