– Әріптесіміздің жүрек тұсына оқ тиген. Хирургтар бір сантиметрдей тереңдіктегі оқты алып, құзыретті органдарға тапсырды. Қазіргі уақытта бірінші хирургиялық өңдеу жасалды. Жарақат алған пациенттің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ. Науқас динамикалық палатада бақылауға алынды. Жағдайы тұрақты, нашарлау белгісі жоқ, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек.
Бүгінгі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Жанжақты және объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу және жедел іздестіру ісшаралары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, жұмыс орнында жарақаттанған денсаулық сақтау саласының маманы қос бүлдіршіннің әкесі. Ал оған қару кезенгені үшін 25 жастағы жігіт күдікті деп танылып отыр.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




