Жамбыл ауданында 13 ауылдық округтегі 31 елді мекенде жалпы ұзындығы 301,6 шақырымды құрайтын 375 көше мен бұрылыстар бар.
Ағымдағы жылы ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша ауданда 15 жоба іске асырылмақ. Бұл жобалар арқылы 14 көше мен 5 бұрылыс, яғни 15,2 шақырым жол жөндеуден өтеді. Оның 6 жобасы аудандық бюджет есебінен жүзеге асса, 9 жоба «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған.
Биыл облыста жалпы автомобиль жолдарын дамытуға 28,6 миллиард теңге бөлініп, құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен 470,3 шақырым жол қамтылады. Бүгінде 45 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі – 99,5 пайызға, ал көше-жол желісі 89 пайызға жеткізіледі.
Aq jol-Аqparat
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




