– Ауданда өнеркәсіп саласымен айналысатын бірнеше серіктестік бар. Олардың қатарында тау кен өндірумен айналысатын «Қалнұр» және құм өндірумен айналысатын «ЖамбылДормоСтрой Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіне әсер етуші үш кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Атап айтсам, «Бурный сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сүтті қайта өңдеумен айналысады. Бірақ өткен кезеңде ірімшік және сарымай өндірісі аз өңделген. Зауытта көбінде майлылығы 1-3, 3-6 пайыздық сүт қабылданатындықтан, ол норманың сақталмауынан өнім бағасының тоннаға шаққандағы құнының аздап төмендеуіне әкелді. Енді жайылымдардың ашылуымен сүттің майлылығы алдыңғы айларда көтерілсе, ол бағаның да тұрақтануына әкеледі. Бұдан бөлек сүт өндірісімен айналысатын ауданда «Ақмол 2025», «СМТС», «LF company», «Алико сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Олжа» жеке кәсіпкерлігі, «Бурный ірімшік зауыты», «Бақдаулет» және «Алатау сүт өнімдері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері жұмыс істеп тұр, – дейді аудан басшысы.
Ауыл шаруашылығы саласына тоқталар болсақ, өткен бес айда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 101,5 пайызды құрап, өңір диқандары 7754,9 миллион теңге табыс тапқан. Оның 7685 миллион теңгесі мал, 69,9 миллион теңгесі өсімдік шаруашылығына тиесілі. Жарты жылдықтың қорытындысымен табысты 10290 миллион теңгеге жеткізіп, нақты көлем индексін 101,6 пайызға арттыру жоспарланған.
Бүгінде ауданда мүйізді ірі қара саны 51264-ке жетсе, оның 19701-і сауынды сиыр. Ал қой-ешкі 245760 басқа, жылқы 20595 басқа жетсе, құс саны 95581-ді құраған.
– Бүгінгі күні ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция қаңтар-мамыр айларында 2629,6 миллион теңгені құрап, 110,3 пайызға орындалып отыр. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі болжаммен 3500 миллион теңгеге немесе 100 пайызға орындалуы күтілуде. Жалпы, сауда айналымы 4491,7 миллион теңге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (4094,7 миллион теңге) 9 пайызға артқан. Оның ішінде бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі 2161,6 миллион теңгеге, бөлшек сауда айналымы 2300 миллион теңгеге, көтерме сауда айналымының нақты көлем индексі 2330,1 миллион теңгеге орындалған. Құрылыс көлемі 1401,1 миллион теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 143,3 пайызды құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі қаңтар мамыр айларында 7608 шаршы метрді құрап, 102,9 пайызға орындалды, – дейді Жалғас Мұртаза.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




