
Әлеуметтік маңызы бар нысандардың ашылу рәсіміне Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрым, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек, аудан әкімі Олжас Баққараев және жергілікті тұрғындар қатысты.
Медициналық нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрым денсаулық сақтау нысандары халықтың тұрмыс сапасын арттырып, өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталғанын атап өтіп, ауыл халқына мықты денсаулық тіледі.
– Бұл медициналық пункттер – ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетудің нақты бір қадамы. Денсаулық – ұлт болашағының кепілі. Жаңа нысандар ел игілігіне қызмет ете береді деп сенемін, – деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек.
Байзақ ауданында 44 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. 2024 жылы үш медициналық нысан пайдалануға берілсе, енді тағы үш нысанмен толығып отыр.
– Ауыл тұрғындары аудан орталығына бармай ақ алғашы медициналық көмекті фельдшерлік акушерлік пункттерде ала алады. Медицина қызметкерлерінің алдында халық денсаулығын жақсарту, сапалы қызмет көрсету міндеті тұр, – деді аудан әкімі Олжас Баққараев.
Фельдшерлік-акушерлік пункттерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, ана мен бала денсаулығын бақылау, профилактикалық тексерулер жүргізу мүмкіндіктері қарастырылған. Ғимараттар заманауи медициналық құрал жабдықтармен 100 пайыз қамтылған.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Әкімдік пен тұрғындар текетіресі: кімдікі дұрыс?
- 10 шілде, 2025
«Мақсат – тек сенбілік өткізу емес, жас буынға үлгі көрсету»
- 10 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді