2005-2025 жылдар аралығында кезекке тұрғандарға қашан жер беріледі?
- author «Ақ жол»
- 1 шілде, 2025
- 167

Бақытжан Әмірбекұлы ең әуелі Тараз қаласының 2023-2025 жылдарға арналған даму картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері мен 6 айдың қорытындысы туралы ақпаратпен бөлісті. Атап айтар болсақ, биылғы негізгі жаңалықтардың бірі – қалада екі аудан, яғни «Әулиеата» және «Жібек жолы» аудандары құрылып, жер көлемі 13 мың гектарға ұлғайып, 31,8 мың гектарды құрады.
Бұрынғы жер көлемі 18,8 мың гектар болатын. Халық саны 437 мыңнан 482 мыңға жетті. Тараз қаласының 2023-2025 жылдарға арналған даму картасына сәйкес, қалада өзекті болып отырған біраз мәселе өз шешімін табуда. Әсіресе, көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру, көлік жолдарындағы жүктемені азайту бойынша облыс орталығында қажеттілік туындағаны рас. Осы мақсатта екі көпір құрылысын салу жоспарланды.
Біріншісі – Абай даңғылының темір жол үсті арқылы өтетін жол өткелі мен жаяу жүргіншілер өткелі бөлігінің құрылысын салу мақсатында мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке 16,9 миллиард теңгеге өтінім ұсынылды.
Қазіргі таңда көпір құрылысын жүргізу үшін жол бойындағы жеке тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін 1,8 миллиард теңге және нысандарды сүру жұмыстарына 285,04 миллион теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар басталды.
Екіншісі – Абай даңғылының Сыпатай батыр көшесінен Жамбыл даңғылына дейін Тараз қаласындағы темір жол және өнеркәсіптік аймақ арқылы эстакада салу жобасы. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім ұсынылды. Жобаның құны – 23,04 миллиард теңге.
Аталған эстакада салынған жағдайда жерүсті көпіріндегі үлкен көлік кептелісі едәуір азайып, қаланың шығыстан кіреберіс жолына және №14 шағынауданына тікелей қатынауға мүмкіндік туады. Сондай-ақ Бақытжан Орынбеков қазіргі таңда 22 мыңнан аса азаматтың пәтер кезегінде тұрғандығын айта келе, қоғамдағы өзекті тақырып – тұрғын үй мәселесі бойынша сөз қозғады. Ол өз сөзінде «Сәулет» шағынауданы, «Ұлы дала» шағынауданы мен «Әулиеата» шағынауданындағы тұрғын үйлердің құрылысына тоқталды.
– «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 9,9 миллиард теңгеге 669 пәтер сатып алынды. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 2,1 миллиард теңгеге 162 пәтер сатып алынса, 2025 жылы әлеуметтік осал топтары үшін 140 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 1,9 миллиард теңге қарастырылды, – деді ол.
Қала әкімі тағы бір өзекті мәселе – жер кезегіне 2005-2025 жылдар аралығында 130479 азамат тіркелгенін, кезекте тұрған азаматтарды жер телімімен қамтамасыз ету мақсатында Асқаров көшесінің соңы 312 гектар, «Хамукат» 126 гектар және «Қарасай» 126,6 гектар алқаптарынан жалпы көлемі 564,6 гектар болатын 3 алқапты мемлекет қажеттілігі үшін алып, инфрақұрылым жүргізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын, 16 шаруа қожалығынан жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылып, қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылысына жер кезегінде тұрған азаматтарға жер учаскесін беру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Бұдан бөлек брифингте қала әкімі көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу, жылу желілерін жаңғырту, ауыз сумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, жол жөндеу, қаланы көгалдандыру және ирригация жұмыстары бойынша есеп берді.
Білім саласы бойынша 2024 жылы «Казарма» алқабындағы 180 орындық, «Арай» алқабындағы 600 орындық, «Бәйтерек» шағынауданындағы 1200 орындық және «Ұлы дала» шағынауданындағы 1200 орындық мектептер пайдалануға берілгендігін, биыл «Ұлы дала» шағынауданындағы 2000 орындық жайлы мектеп пайдалануға беріліп, «Шөлдала» тұрғын алқабындағы 600 орындық жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын, сонымен қатар, №15, №7 мектеп-гимназияларына 300 орындық және №27 орта мектепке 600 орындық жапсарлас ғимараттарының құрылысы басталғанын айтты. Қоғамдық көлік саласы бойынша Тараз қаласында қалалық жолаушы бағытында 9 тасымалдаушы мекеме қызмет көрсетеді. 2024 жылы 155 жаңа қоғамдық көлік жеткізілсе, биыл жыл басынан бері 15 автобус жеткізіліп, жыл соңына дейін қосымша 82 автобус жеткізу жоспарлануда. Мәдениет саласы бойынша «Құмшағал» тұрғын алқабында 140 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Тараз қаласына қосылған елді мекендердегі тозығы жеткен мәдениет нысандарын жөндеуді жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, «Бектөбе», «Шайқорық» алқаптарындағы мәдениет үйлерін және «Қоңыртөбе», «Сұлутөр», «Шайқорық» алқаптарындағы кітапхана ғимараттарын ағымды жөндеу жоспарымызда бар, – деді спикер.
Арна ЖҰМАТА
Ұқсас жаңалықтар
ІТ мамандығына қызығатын жастарға бағыт-бағдар береді
- 3 шілде, 2025
Айран-сүттің бұлағы болып отыр
- 3 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді