Апталық аясында барлық құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері өңір тұрғындарын тыңдап, құқықтық көмек көрсетеді. Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың мәселелерін шешу, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту. Осыған орай құқық қорғау өкілдері Жуалы ауданына БАҚ өкілдерімен бірге барып, халықпен жүздесіп, құқықтық сауат жайлы ақпараттар берді.
– Акцияның ерекшелігі – өңірдің әртүрлі елді мекендерінде бірнеше іс-шаралардың бір уақытта өткізілетіндігі. Тәжірибелі қызметкерлерден құралған мобильді топтар автобустармен ауылдық елді мекендерге барып, заңдарды түсіндіру, мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу тәртібін жеткізу және проблемалық мәселелерді анықтау үшін жұмыс істейді. Мұндай тәсіл халықтың максималды қамтылуын қамтамасыз етеді және көрсетілетін көмектің тиімділігін арттырады. Акцияға дайындық барысында азаматтардың өтініштері зерттеліп, шығатын жұмыс топтарының нақты үйлестірілуі қамтамасыз етілді, – дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Нариман Төребеков.
Жуалы ауданында халық көп жиналды. Кеңес беруге облыстық білім, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, денсаулық сақтау басқармалары мен еңбек инспекциясы департаменті қатысты. Халықты жол мәселесі, баспанамен қамту, ауыз су, жарықтандыру мәселелері қызықтырды.
– Қоңыртөбе ауылында үш жыл бұрын су кіргізілген. Бірақ таза емес. Жетітөбе ауылында терапевт дәрігер жоқ. Шағын ауылдарға дәрігер жетпейді. Бұл сұрақтар бойынша мамандарға жолықтым, жауаптар алдым, – дейді Гаухар Астаева есімді ауыл тұрғыны. Қоғамдық қабылдаулар күн сайын осы апта аралығында сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Тараз қаласындағы «Mart» сауда үйінде және аудан орталықтарында өтеді.
Сонымен қатар 2025 жылдың 24 маусымында сағат 10:00-де Жамбыл облысының прокуратурасында яғни, Тараз қаласы, Дулати көшесі, 23-үй мекенжайы бойынша «Ашық есік күні» өтпек.
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




