Төтенше жағдайлар министрінің бастамасымен еліміз бойынша жүзеге асырылып жатқан «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Байзақ ауданының Кеңес ауылында жергілікті өрт сөндіру бекетін қолдау, жаңарту және оның материалдық-техникалық базасын нығайту шарасы өтті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудан әкімдігінің басшылығы қатысқан шарада ерiктi өрт сөндірушілерге арнайы киім мен жабдықтар табысталды. Сондай-ақ өрт сөндіру техникасы көрсетіліп, жаңғыртудан кейінгі нәтижелер таныстырылды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындарына «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған бағдарлама Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып, ауылдық жерлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Тұлғалардың жолданымдары сапалы қаралуы қажет
- 31 наурыз, 2026
Байқаудың облыстық кезеңі аяқталды
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




