
Жуырда халықаралық Тараз университеті мен «Шерхантану» ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен бильярдтан қазақ руханиятының шамшырағы Шерхан Мұртаза атындағы дәстүрлі «Зау тұлға Шерхан Мұртаза» турнирі өтті. Достық сипаттағы бұл сайыста жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, бақ сынады.
Жарыс еркін пирамида тәртібі бойынша өткізілсе, ойын екі жеңіліске дейін жалғасты. Ережеге сәйкес, бірінші болып 8 ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз саналды. Сонымен, бір күнге ұласқан тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша ардагерлер арасындағы жарыстың нәтижесінде бірінші орынды ардагер журналист Бекет Момынқұл иеленсе, жүлделі екінші орын Асқарбек Сейілханға бұйырды. Ал 3-орынға Ғалым Қасабай лайықты деп танылса, белгілі жазушы Елен Әлімжан арнайы номинацияны қанжығасына байлады.
Сондай-ақ бұл күні жастар арасындағы бәсекеде Ерғали Қартайған топ жарып, 100 мың теңге ұтып алды. Белгілі спорт комментаторы Ермұхаммед Мәулен мен әріптесіміз Табиғат Абаилдаев екінші және үшінші орынды өзара бөлісті.
Бұдан бөлек еңбек жолын журналист болып бастаған Бекнұр Сатыбалдиев, «Ar-Ai» жастар газетінің дизайнері Ғани Сүгірәлиев және республикалық «24kz» телеарнасының бейнеқұрастырушысы Элдар Байділда қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді